Жамбылдық полицейлер жолдардағы қарды тазаламағаны үшін коммуналдық мекемеге айыппұл салды

Жамбылдық полицейлер жолдардағы қарды тазаламағаны үшін коммуналдық мекемеге айыппұл салды

Әкімшілік полиция қызметкерлері автомобиль жолдарын күнделікті тексеруден өткізеді. Бүгінгі таңда ең өзекті мәселе - көшелерді қардан тазарту және көктайғаққа қарсы материалдарды себу. 

Полицейлер рейдтік іс-шаралар барысында қандай да бір заң бұзушылықтарды анықтаса, оларды жою туралы жауапты қызметтерге нұсқама жолдайды, ал олар жақын арада барлық кемшіліктерді түзетуі тиіс. Дегенмен, мердігерлер жұмыс көлемін үнемі көтере бермейді.   

Жамбыл облысының республикалық және жергілікті жолдарындағы әкімшілік полицияның жол-техникалық инспекциясының қызметкерлерімен жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктер анықталды. 

Жауған қардың толық тазаланбауы қар үйінділерінің пайда болуына, жолдың жүріс бөлігінің қатуына және тарылуына әкеп соғады, көктайғаққа қарсы  материалдардың себілмеуі жолаушыларға және көлік жүргізушілеріне қауіп төндіреді. 

- Осы кемшіліктері үшін Байзақ, Талас және Меркі аудандарының мердігерлік мекемелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігі (Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Лауазымды тұлғаларға 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды, - деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы полиция полковнигі Жайдарбек Құттыбаев. 

Жыл басынан бері қыс мезгілінде автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны үшін барлығы 30 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив