Дайын құжаттарды алуға арналған постоматтар еліміздің тағы 12 ХҚКО-да орнатылды

Дайын құжаттарды алуға арналған постоматтар еліміздің тағы 12 ХҚКО-да орнатылды

Қазақстанның тоғыз облысындағы ХҚКО-да дайын құжаттарды беру постоматтары орнатылды, олар 24/7 режимінде жұмыс істейді. Азаматтар постоматтардан өз құжаттарын кез-келген ыңғайлы уақытта, тіпті жұмыстан кейін де ала алады.

Бұған дейін бұл пилоттық жоба Астана мен Алматыда енгізілген болатын. Қызмет алушылар постомат арқылы 2 мыңнан астам құжат алды. Енді Мемлекеттік корпорацияның инновациялық жобасы Шымкент, Тараз, Қордай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Семей қалаларында орнатылды.

Айта кетейік, сервис сұранысқа ие қызметтің 11 түрі бойынша қолжетімді. Олардың ішінде баланың тууын тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, құжаттарға апостиль қою, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқалары және басқалары бар.

"Аталған қызметтер бойынша өтінімді рәсімдеу кезінде клиентке нәтижені постоматтан алу туралы ұсыныс айтылады. Клиент құжаттың дайын болғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін, 3 күннің ішінде құжатты алуы тиіс. Ұяшық биометриялық сәйкестендіруден өтіп, SMS-хабарламадағы 5 таңбалы кодты енгізгеннен кейін ашылады. Бұл үшінші тұлғалардың сервисті пайдалана алмауы үшін қауіпсіздік мақсатында жасалды", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, дайын құжаттардың нәтижелерін алу үшін қызмет алушыларға ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Келген SMS-хабарламаға келісім беріп, дайын құжаттарды үйге жеткізуге тапсырыс бере алады.

Постоматтар орнатылған ХҚКО-лардын мекенжайларының тізімі:

Қала

ХҚКО мекенжайлары

1

Астана

Керей, Жанибек хандар көш., 4

2

Астана

Республики даңғылы, 43

3

Алматы, Медеу ауданы

Марков көш., 44

4

Алматы, Әуезов ауданы

Жандосов көш., 51

5

Алматы, Алатау ауданы

Нуркент ш/а, 5/17

6

Шымкент, Әл-Фараби ауданы

Жангелдин көш., 13А

7

Шымкент, Қаратау ауданы

Төлеметов көш., 35

8

Тараз қаласы

Төле би даңғылы, 89Г

9

Қордай қаласы

Батыс тұрғын алабы, 25

10

Қарағанды қаласы

Кеншілер даңғылы, 5/2

11

Қызылорда қаласы

Астана даңғылы, 46

12

Павлодар қаласы

Павлов көш., 48

13

Туркістан қаласы

160 орам,  236 құрылыс

14

Семей қаласы

Папанин көш., 34А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив