Қазақстанның тағы төрт қаласының тұрғындары дайын құжаттарды ХҚО-дан үйлеріне тапсырыспен алдырта алады

Қазақстанның тағы төрт қаласының тұрғындары дайын құжаттарды ХҚО-дан үйлеріне тапсырыспен алдырта алады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды жеткізу қызметін алғашында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 2021 жылдың сәуір айында іске қосқан болатын.

Енді дайын құжаттарды үйге жеткізу сервисі Талдықорған, Петропавл, Ақтау, Ақтөбе қалаларының тұрғындары үшін де қолжетімді. Онда жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу құжаттарына, жер учаскесінің актілеріне, апостильденген білім туралы құжаттарға, мұрағат анықтамаларына, әскери билеттердің телнұсқаларына және басқа да дайын құжаттарға, барлығы 144 Мемлекеттік қызмет түрі бойынша тапсырыс беруге болады.

ХҚО-ға барып, тапсырыс берген құжат дайын болған сәтте клиентке жеткізу сервисін пайдалану туралы SMS-ұсыныс жолданады. Келіскен жағдайда клиент көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, құжат жеткізілуі тиіс мекенжайды көрсетеді. Одан әрі клиент 970 теңге көлемінде қала аумағында жеткізу қызметінің құнын төлеуі қажет. Курьер поштаны тапсырыс берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жеткізеді.

«Біз ХҚО-да қызмет көрсету процесі барынша қолайлы болып қана қоймай, дайын болған құжатты алуға қайта бармас үшін қосымша сервисті іске қостық. Адамдардың жұмыстан сұранып, балаларын үйде қалдырып ары-бері жүру мүмкіндігі бола бермейтінін білеміз. Ал құжаттарды жеткізу қызметі клиенттердің уақыты мен қаржысын айтарлықтай үнемдейді» – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.

Сервис сәуір айында іске қосылған сәттен бастап Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент тұрғындары үйлеріне 3 мыңға жуық құжатқа тапсырыс берген.

Құжаттарды жеткізу бойынша алғашқы пилоттық жоба астаналық ХҚО-лардың бірінде іске қосылды, онда серіктес курьерлік компаниямен келісімшарт жасалды. Жыл соңына дейін сервис республиканың барлық қаласында қосылады деп жоспарланып отыр.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив