СҚО полицейлері шетелдік есепте тұрған тіркелмеген 15 автокөлікті арнайы тұраққа қамады

СҚО полицейлері шетелдік есепте тұрған тіркелмеген 15 автокөлікті арнайы тұраққа қамады

Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатып, құқық белгілейтін құжаттарды, атап айтқанда көлік құралын тіркеу туралы куәліктерді тексеруде. 2024 жылдан бастап қазақстандықтарға және ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар өзге елдердің азаматтарына автокөліктерді шетелдік есепте пайдалануға тыйым салынды. Шетелден әкелінген көліктерді заңдастырудың бұрын ұзартылған мерзімдері шықты. Енді заңда көзделген тіркеуден өтпеген автокөлікті басқару әкімшілік заңнаманы бұзу болып табылады. Осыдан кейін 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады, автокөліктер бұзушылық жойылғанға дейін арнайы тұраққа орналастырылады.

"Бүгінде облыста ҚР-да тіркелмеген автокөліктерді басқарудың 15 жағдайы анықталды, - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының м.а. полиция подполковнигі Александр Розбах. - Автокөлік иелерін шетелдік есепте өз автокөлік құралдарын тіркеу бойынша дереу шаралар қабылдауды сұраймыз. Жүргізіліп жатқан жұмыстың түпкі мақсаты — жолдардағы құқық бұзушылықтардың жазасыздығына ықпал ететін жағдайларды жою, жүргізушілердің тәртібін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту". 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив