СҚО полицейлері шетелдік көліктердің иелеріне көлікті заңды тіркеу қажеттілігін түсіндіруде

СҚО полицейлері шетелдік көліктердің иелеріне көлікті заңды тіркеу қажеттілігін түсіндіруде

 

Қаржы шығындары, тәркіленген машиналар және қылмыстық із қозғау – былайша айтқанда, мұның бәрі шетелде есепте тұрған көлікті сатып алған автокөлік иелерінің басына төнуі мүмкін. Қиын жағдайға тап болмас үшін – сатып алу-сату туралы мәміле жасағанға дейін автокөлік жайлы анық-қанығын білу, оның құжаттарының түпнұсқалығына көз жеткізу қажет. Орын алуы мүмкін қауіптің алдын алу мақсатында – СҚО әкімшілік полицейлері түсіндіру жұмысын жандандырды.

Облыстық Полиция департаменті Процессингтік орталығының қызметкерлері рейдтер өткізуде, оның барысында автокөлік иелеріне Қазақстанда тіркелмеген автокөлікті пайдаланудың зардаптарын түсіндіруде. Полицейлер арнайы call-орталықтың (8 715-2 32-00-19, 32-00-22) байланыс телефондары көрсетілген алгоритмдері бар жадынамалар мен буклеттер таратуда.

«Әкімшілік полиция қызметкерлері шет мемлекеттерде тіркелген автокөліктердің иелерімен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда заңсыз жолмен тіркелген, іздеуде жүрген автокөліктерді пайдаланудың фактілері бар. Мұндай тәуекелдерге жол бермеу үшін көлік құралдарын тіркеуге қойған дұрыс. Көлікті сатып алмас бұрын – оның құжаттарының заңды жолмен жасалғанын тексеріп алған абзал», - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.

Жалпы 9 айда полицияның Процессингтік орталығы 60 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті. Жыл басынан біздің өңірде 21 193 көлік құралы тіркеліп, 19 043-і есептен шығарылды. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің 15 мың  831 жинағы берілді.

Көлікті тіркеу және қайта тіркеу мәселесі, емтихан қабылдау, жүргізуші куәліктерін, көлікті тіркеу туралы куәліктерді, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлік беліглерін беру – мұның бәрі орталық қызметкерлерінің атқаратын жұмысы. Сонымен қатар жұмыстың негізгі бағыттарының бірі шетелден Қазақстан Республикасына әкелінген автокөліктерді тіркеу бойынша жұмыс істеу болып табылады. Полицейлер: көлік құралдарын тіркеу, есептен шығару және сатып алу мәселелері бойынша жұмыс күндері Процессингтік орталықтың «қауырт желісі»  32-00-19, 32-00-22 телефондарына хабарласуға болатынын еске салады. Сонымен қатар Instagram әлеуметтік желісінде СҚО ПД әкімшілік полициясының ресми аккаунты жұмыс істейді (@police_uap_dp_sko), оған да ақыл-кеңес алу үшін жүгінуге болады. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив