Полиция департаменті бастығының орынбасары Мойынқұм ауданында азаматтарды қабылдады

Полиция департаменті бастығының орынбасары Мойынқұм ауданында азаматтарды қабылдады

Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің тапсырмасы бойынша ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаевтың төрағалығымен Мойынқұм ауданы полиция бөлімінің жеке құрамымен жедел кеңес өткізілді.

Аталған кеңес барысында 2023 жылғы жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге арналған міндеттер қатары белгіленді. 

Мойынқұм ауданы полиция бөлімінің бірінші орынбасары Ү.Айнақұл баяндағандай, аудандағы жедел жағдай тұрақты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша қылмыстар саны 16,8% - ға төмендеген. 

Қоғамдық орындарда, кәмелетке толмағандар арасында және оларға қарсы мас күйінде жасалған қылмыстарды  саны азайған. Тонау және автокөлікті айдап әкету деректері тіркелмеген. 

Нұржан Рахметуллаев учаскелік полиция инспекторларының рөлін күшейту, жол қауіпсіздігі және жергілікті атқарушы органдармен іс-қимыл, алаяқтыққа қарсы күресті күшейту және қоғаммен тиімді өзара байланыс жасауға қатысты жұмыстарды жандандыру бойынша аудандық полиция бөлімінің қызметіндегі негізгі басым бағыттарды атап көрсетті.

Қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде міндеттерді іске асыру жөніндегі ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар кешені аудандағы ауыр және аса ауыр қылмыстарды 45,7%-ға, ұрлықты – 24%-ға, мал ұрлығын-80%-ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіруді 66,7%-ға төмендетуге ықпал еткен. 

Есірткі бизнесі саласындағы қылмыстарға тиімді тосқауыл қойылуда. 12 айда 20 есірткі қылмысы анықталған. 

Көлік жолдарындағы өзекті мәселе де сөз болды. ЖКО саны 2022 жылмен салыстырғанда 31-ден 37-ге дейін артқан. Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында мас күйінде көлік жүргізген 18 азамат ұсталды. 

Сондай-ақ, жиын барысында құрам арасындағы заңдылық пен тәртіптің жай-күйі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі сөз болды.

- Жеке құрам арасында заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударылуда. Біздің жұмысымыз халық үшін қолжетімді және ашық болуы тиіс, кері байланыс орнатуды да жалғастыру қажет.

2022 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру үшін Integrity Check ішкі істер органдары қызметкерлерінің адалдығын тексеру бойынша пилоттық жоба іске қосылғаны белгілі. Бұл жобаны іске асыру полицияда сыбайлас жемқорлық көріністерін  азайтуға ықпал етеді, - деп атап көрсетті Нұржан Рахметуллаев. 

Сондай-ақ, Нұржан Ермаханұлы полицейлерге Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша 2024 жыл ІІМ құрылымында кадрларды жақсарту жылы деп жарияланғанын еске салды. Кадрларды қатаң іріктеу және полиция қатарында тазарту жүргізіп, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасатын болады. 

Сонымен қатар, ПД бастығының орынбасары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, онда тұрғындардың өзекті мәселелерін, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, толыққанды жауаптар берді, сондай-ақ мәселені шешу бойынша жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар жүктеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив