Байзақ ауданында ұрлық саны 45%-ға төмендеді

Байзақ ауданында ұрлық саны 45%-ға төмендеді

Байзақ ауданында жергілікті полиция бөлімінің 2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел кеңесте Жамбыл облысы ПД Штабының бастығы Алмаз Байжарасов баяндама жасап, ол Байзақ ауданында ұрлық санының көрсеткіші 45%-ға қысқарғанын, қарақшылық шабуылдар мен бопсалау деректеріне жол берілмегенін атап өтті. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын жасалған 11 қылмыс дерегі ашылған. Келесі кезекте, Байзақ ауданы полиция бөлімінің бастығы Досымбек Мұсаев 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Өз баяндамасында қылмыстар санының 15,2%-ға, ал қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған қылмыстар саны 19%-ға төмендегеніне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар санының 60%-ға, ал кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар санының 50%-ға төмендеуіне қол жеткізілгенін атап өтті. Бұдан әрі Байзақ АПБ бастығының орынбасарлары жетекшілік ететін қызметтер жұмысының оң динамикасын атап өтті. Мысалы, Байзақ АПБ бастығының бірінші орынбасары Батырхан Жұмабеков 2020 жылдың 12 айында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 25 миллион 554 мың 553 теңге көлемін құрайтын 3 502 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасағанын, өндіріп алу пайызы 71% құрағанын айтты. Байзақ АПБ басшылығының жедел-қызметтік жұмысы туралы қорытынды есептерді тыңдаған Полиция департаментінің бастығы Ж.Сүлейменов жергілікті полиция қызметі және әкімшілік полиция бөлімдерінің бастықтарымен және ауданның учаскелік полиция инспекторларымен сұхбаттасып, олардың аумақтық учаскелеріндегі жедел жағдай, сондай-ақ тұрғындар жүгінетін мәселелер туралы білді.

Одан кейін жедел кеңеске қатысқан ішкі істер органдарының ардагерлері құттықтап, полицейлерге әрдайым азаматтардың тыныштығын мен тәртіпті қамтамасыз етуде қырағылық танытып, адал болуға тілектестік білдірді. Сондай-ақ, зейнеткерлер құрметті демалыста да учаскелік полиция пунктеріне барып, жас мамандармен тәжірибе алмасуды жалғастырып, рейдтік іс-шараларға баратындықтарын атап өтті. 

Жедел кеңес соңында Жамбыл облысының ПД бастығы Жанат Сүлейменов жедел-қызметтік іс-әрекет көрсеткіштерін жақсарту, қызметтік-әскери тәртіпті бұзуға жол бермеу, халықтың полицияға деген сенімін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды. Жедел кеңестен кейін Жанат Сүлейменов Байзақ ауданы Бурыл ауылының №11 учаскелік полиция пунктіне барып, оның ішін және техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған жедел басқарудың шағын орталығын көрді, сондай-ақ ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуге келген тұрғындар учаскелік полиция қызметкерін мақтап, жастығына қарамастан, өзінің кәсіби міндеттерін абыроймен орындайтынын атап өтті. Ауыл тұрғындары Жанат Қуанышұлынан Қонаев және Кәрім көшелерінің қиылысына жылдамдық режимін бұзуды фотофиксациялау жүйесін орнатуды және Байзақ ауданының жүргізушілерімен қосымша алдын алу іс-шараларын жүргізуді сұрады.

Жамбыл облысының ПД бастығы тиісті қызметтерге тапсырма беретінін айтты. – Халықпен профилактикалық іс-шараларды одан әрі жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейту, халықпен кері байланыс тетіктерін жолға қою, азаматтардың өтініштеріне жедел әрі сапалы ден қою қажет, – деді Жанат Сүлейменов.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив