Ішімдік ішіп, өзгенің көлігін айдап әкеткен жамбылдық тұрғын ұсталды

Ішімдік ішіп, өзгенің көлігін айдап әкеткен жамбылдық тұрғын ұсталды

Жамбыл аудандық полиция бөліміне Шайдана ауылының 44 жастағы тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі «ВАЗ-2121 214» маркалы автокөлігі жоғалғанын айтты. Ол Жаңа жыл мерекесін атап өту үшін көрші фазендаға барғанын, онда бірге алкогольдік ішімдік ішкен малшылардың бірі көлігін ұйықтап жатқанда жасырын айдап әкеткенін көрсетті. 

Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған көлік 31 жастағы малшымен бірге ауыл маңындағы жол жиегінде табылды. 

Аталған дерекке қатысты “Автомобильдi жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу” және “Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. 

Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасуда.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив