Әке көрген оқ жонар: Әке жолын  жалғаған жас тергеуші

Әке көрген оқ жонар: Әке жолын жалғаған жас тергеуші

Ер баланың өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше.

«Ес біліп, алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан әкем секілді полиция болуды армандайтынмын. 2018 жылы орта мектепті бітіргенде «кім болам? қандай мамандықты таңдаймын?» деген сұрақ болған жоқ. Бірден құжаттарымды ҚР IIM М.Есболатов атындағы Алматы академиясына тапсырдым",- дейді Астана қаласы Полиция департаменті «Есіл» ауданы ПБ тергеушісі полиция аға лейтенанты Бақытжан Әміржанұлы Сермахан.

Оқу орнын 2022 жылы бітіріп келген жас маманның алғашқы еңбек жолы Қызылорда қаласы ПД  КПБ жедел уәкілі лауазымынан басталған. Бірнеше жыл қатарынан тергеу бөлімінде қызмет еткен әкесінің жолын қуып 2023 жылы Астана қаласының «Байқоңыр» ауданы ПБ тергеу бөліміне ауысқан. Бүгінде жас маман тергеу саласында бірнеше қылмыстық істі тергеген, білікті маман иесі.

Қашан да шынайылық пен төзімділікті, сауаттылықты талап ететін тергеуші қызметінде Бақытжан үшін ең алғашқы тәлімгері – әкесі Әміржан Сермаханұлы болды.

Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Утегенов Әміржан Сермаханұлы ішкі істер органында 29 жылдан астам уақыт қызмет етуде. Құқық қорғау саласының ыстығына күйіп, суығына тоңған майталман маман алғашқы қадамын тергеуші лауазымынан бастап, Қызылорда облысы ІІД Қармақшы ауданы ІІБ бастығы, Жалағаш аудандық ІІБ бастығы, Штаб-басқармасының, Анықтау басқармасының, Тергеу басқармасының, Арал ауданы полиция бөлімінің бастығы сияқты басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

Алға қойған мақсаты айқын, болашаққа нық сеніммен қарайтын жас тергеуші Бақытжан Әміржанұлы әкесі ұқсап ел тыныштығын қорғап, халыққа қамқоршы болу үшін ерінбей еңбек етуді басты міндет санайды. 

Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив