Ел қызметінде жүрген Алтын - сақшы жолын жалғаған ару

Ел қызметінде жүрген Алтын - сақшы жолын жалғаған ару

Ер азаматқа тән мамандықты таңдау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол үшін бір ғана табандылық пен қайсарлық аздық етеді. Ал мамандығына деген сүйіспеншіліктің болуы міндетті түрде өз қызметін мінсіз атқаруға жеткізетін қағида.

Астана қаласы Полиция департаменті «Сарыарқа» ауданы ПБ штаб бөлімшесінің бастығы Ақылтаева Алтын ерлермен иық тірестіре, жауапты да күрделі салада абыройлы қызмет атқарып жүрген нәзік жандардың бірі.

Полиция майоры Алтын Мұхтарқызы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Қолға алған ісіне аса үлкен жауапкершілікпен қарау, әлсізге қамқор болу, тәртіпке бағыну әрі тың жүру оның бойына бала кезінен бастап әке тәрбиесімен сіңген қасиет. Құқық қорғау саласында қызмет ететін әкесінің нысанды киім киіп, қоғамдық тәртіпті сақтауда еңбек етіп жүргенін үлгі тұтқан.  2009 жылы ҚР ІІМ Алматы академиясына оқуға түсіп, оны тәмәмдағаннан кейін 2013 жылы Тарбағатай аудандық ІІБ ЖКБ аға криминалисі болып алғашқы лауазымына тағайындалады. 2017 жылдан бастап Тарбағатай АІІБ көші-қон қызметі тобының аға инспекторы қызметін атқарған. 2021 жылдың ақпан айынан бастап Астана қаласы ПД «Сарыарқа» ауданы ПБ штаб бөлімшесінде еңбек етуде. Инспектор лауазымынан бастаған майор қыз бүгінде бір бөлімшені басқарып, басшылықтың басқару қызметін ұйымдастыру, жедел жағдайды, қылмыстардың себептері мен жағдайларын талдау, басқару шешімдері мен тіркеу тәртібінің орындалуын бақылау міндеттерін атқаруда. Ішкі істер министрлігі, Полиция департаменті бастығының, қала әкімінің атынан бірнеше рет грамоталармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлық қол сағатымен марапатталған.

Алтынның ант қабылдап, тәртіп сақшысы атануының бірден бір себепкері - әкесі Мұхтар Ақылтайұлы.

Тілеужанов Мұхтар Ақылтайұлы ішкі істер органындағы династияның негізін қалаушы. Өз мүддесінен гөрі халықтың мүддесін биік қоя жүріп, тыныштық пен бостандықтың сақталуын басты міндеті көрген Мұхтар Ақылтайұлы 1991 жылы КСРО ІІМ МАИ Орловск милиция орта мектебін бітіріп, ҚР ІІМ Алматы Академиясына оқуға түскен.

Ол қызметін кіші сержант болып жол патрульдік қызметтің инспекторы лауазымынан бастаған. 2001-2004 жылдары Тарбағатай ауданы ІІБ бастығының орынбасары қызметін атқарған. Күн-түн демей халықтың сеніміне селкеу түсірмеу мақсатында еңбек еткен полиция полковнигі 2004 жылдан бастап ішкі істер органының ардақты ардагері.

Алтынның сүйіп қосылған жолдасы да құқық қорғау саласының қызметкері. Айдар Мерғалиұлы - Астана қаласы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы. Азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лаңкестік іс-әрекеттердің жолын кесу, ұйымдасқан қылмыскерлерге тоқтау қою, мұның бәрі де Айдардың міндетіне кіреді.

Өмірге деген көзқарастары, ұстанымдары ортақ Алтын мен Айдар бүгінде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Отбасы құндылығын бірінші орынға қоюмен қатар қызметтерінде де жоғары жетістіктерге жеткен, жауапкершілігі мол, мейірбан əке мен ананың үлгі-өнегесін бойларына сіңіріп өсіп келе жатқан балаларының ата-ана жолын қуып, өз Отанының адал да абыройлы қызметкерлері болатынына сенімдіміз. 

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив