Мал биржаларындағы делдалдық схемаларды қысқарту ет бағасын төмендетуге көмектеседі

Мал биржаларындағы делдалдық схемаларды қысқарту ет бағасын төмендетуге көмектеседі

Австралияға сапар барысында вице-премьер Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық фермерлер мен өңір басшылары бесінші континенттің ірі және қазіргі заманғы мал биржаларының біріне барды.

Мал шаруашылығының өркениетті саудасы – саланың табысты дамуының негізі. Барлық нарық қатысушыларына тең шарттарда кемсітпейтін қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Нарықтың әрбір қатысушысы, сатушы мен сатып алушы өзіне қажеттіні алады. Іздеуге, тасымалдауға және қауіпсіздікке уақытты үнемдейді. Мал биржасы малдың әрбір түріне бағаның даусыз көрсеткішін қалыптастырады, мемлекетке саладан түсетін кірісті болжау үшін нарықтық қозғалыстар мен тенденцияларды түсінуге, банктер тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге, ал фермерлерге кез келген уақытта және кез келген климаттық өзгерістер жағдайында малды сатуға мүмкіндік береді. Құрғақшылық кезінде союдың қажеті жоқ.

RLX (Regional Livestock Exchange) мал базарының жалпы ауданы 4 гектарды құрайды, оның 1,5 гектары жабық базар. Бір мезгілде мұнда 8 мың басқа дейін мал болуы мүмкін. Әр сейсенбі және екінші бейсенбі сайын сауда жасалынады. Мұнда жыл сайын 140 мыңға жуық ірі қара мал сатылады. Сатуға әкелінген барлық мал басы электронды биркалар арқылы бірдейлендіріліп, бақыланады. Ірі қара мал аукционға бір күн қалғанда әкелініп, таза салмағын қамтамасыз ету үшін кешкі сағат 21.00-ден бастап азық берілмейді. Ал сатылған соң мал жаңа иесіне немесе союға тасымалданады. Сауда күніндегі сату көлемі 99,5% құрайды, яғни сатылмаған ірі қара мал қалмайды десе де болады.

Мал базарындағы түліктердің қауіпсіздігі мен амандығы бірінші орында. Мал базарының құрылымдары малды өткізудің барлық кезеңдерінен бірқалыпты өтуге мүмкіндік беретіндей етіп жасалған. Төбені аптап ыстықтан сақтайды, ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етіледі, жұмысшылардың базар маңында тек жаяу немесе атпен жүруі, көліктен малды түсіріп, көтеру кезінде зақымданбау үшін металл баспалдақтар тұяқтарға жұмсақ етіп қапталады. Сонымен қатар, базардағы барлық қалдық және сарқынды сулар жиналып, қайта өңделеді.

MLA (Meat and Livestock Australia, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) өкілдерінің айтуынша, Австралияда көптеген жеке және муниципалдық мал биржалары бар, Муниципалдылары 150 жыл бұрын, жекеменшіктері бар болғаны 15 жыл бұрын жұмысын бастаған. Әрбір жануарды сату, әрбір MLA үшін 5 австралиялық доллар салық нысанын алады, бұл төлемдер заңнамалық деңгейде белгіленеді. Өз тарапынан MLA жануарларды сәйкестендіру және қадағалау үшін бірыңғай электронды жүйенің жұмысын қамтамасыз етеді. Жергілікті фермерлердің экспорттық өнімдерін зерттеу, маркетинг және жылжыту жұмыстарын жүргізеді.

– «Елімізде мал шаруашылығын бақылаудың жақсы жүйелерінің болуы біз үшін өте маңызды. Біз өнімнің биоқауіпсіздігі, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы, жануарларға адамгершілікпен қарауға басымдық береміз», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің өкілі.

RLX-тің артында тұрған Thompson Longhorn компаниясының бас директоры Байрон Вулфтың айтуынша, бұл Оңтүстік Австралиядағы ең ірі мал биржасы, аптасына 2000 бас ірі қара мал сатады.

- «Бүгін бейсенбі және үлкен аукцион өтіп жатыр. Біз сатылымға ұсынылған ірі қараның айтарлықтай үлкен желісін көріп отырмыз. Сату бағасы басына 750-800 австралиялық доллар аралығында. Мұндай базарлар мал шаруашылығы үшін өте маңызды, біз саудагерлер мен өндірушілерге базарларды табуға және ең жақсы баға үшін күресуге көмектесеміз», - деп атап өтті ол.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин:

- Қазақстанда мал биржалары жоқ, малды делдалдар шаруалардан алып, базарға сатады. Ұйымдасқан, өркениетті сауда жоқ. Ал Австралияда біз мал шаруашылығының мүлде басқа мәдениетін және ет өндірудің бірнеше есе төмен құнын көрдік. Қазір Қазақстанда мал шаруашылығын дамытудағы басты мәселелердің бірі – делдалдық схемалар. Салдарынан фермер қалаған бағасын ала алмай отыр. Биржа фермерге делдалдық схемаларсыз күткен пайданы алуға мүмкіндік береді. Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігінде мал шаруашылығын дамытудың жоспарын жасап жатырмыз, бұл тәжірибе бізде де пайдалы болады.

Сырым Ертаев, «Қайып ата» ЖШС құрылтайшысы:

– Австралияда Қазақстаннан мүлде басқа мал нарығы жүйесі бар. Австралиялықтар да қазақтар сияқты ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысқанымен, мойындауымыз керек, олар бізден алыстап кеткен. Біз Қазақстанда да осындай мал базарларын ашуды жоспарлап отырмыз. Аукциондарды көре отырып, жүйенің сатып алушылар үшін де, сатушылар үшін де өте қарапайым екенін түсіндім. Мысалы, сатушы 100 бас әкеледі, базар иелерінің өзі бәрін қабылдап, таразыға салып, сатып алған соң жеткізуді де жүзеге асырады. Жалпы, австралиялық ауыл шаруашылығы континенттің маңызды экономикалық салаларының бірі болып саналады. Мұндағы малдың барлығы бордақыланады. Біздің үйренетініміз көп, бұл үшін Қазақстанның барлық әлеуеті бар. Біз қазір Өзбекстан, БАӘ, Қытай нарығына ет экспорттаймыз. Экспорт көлемін арттыру жоспарымызда бар.  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив