Қазақстан мен Иран көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия құруға келісті

Қазақстан мен Иран көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия құруға келісті

Бүгін көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.А.Джоукармен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында көлік ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен комиссия құруға келісті. Аталған комиссия шеңберінде Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің көлік әлеуетін арттыру ұсынылды.

Тараптар сондай-ақ биыл желтоқсан айында Тегеран қаласында өткен Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысы шеңберінде бірлескен бастамаларды іске асырғаны үшін алғыс білдірді.

Айта кетерлігі, келесі жылдың I тоқсанында Қазақстан, Ресей, Түркіменстан, Иран және Үндістан аумақтары арқылы өтетін 2023-2025 жылдарға арналған Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағытының әлеуетін синхронды дамыту жөніндегі Жол картасына қол қою жоспарланып отыр.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив