Елордада өтетін конференцияда шетелдік ғалымдар отандық жол саласына арналған шешімдерін ұсынбақ

Елордада өтетін конференцияда шетелдік ғалымдар отандық жол саласына арналған шешімдерін ұсынбақ

15-16 қараша күндері 19-шы рет ұйымдастырылып отырған Kaztraffic-2023 көрмесі аясында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты Көлік министрлігінің қолдауымен «Инновациялар мен инфрақұрылымның қиылысы: жол саласын дамыту формуласы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Пленарлық сессияда көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев, автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин және PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының бас хатшысы Патрик Маллежак сөз сөйлейді.

Сондай-ақ поляк жол конгресінің президенті Збигнев Котларек, JSTI GROUP бас инженері, профессор Цао Жунцзи, Берклидегі Калифорния университетінің жетекші сейсмологы Шахзод Тахиров және China Shandong International Economic & Technical Cooperation Group LTD компаниясының ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөніндегі директоры Вейлин Ву баяндама жасайды.

Сонымен қатар талқылауға Қазақстан, Германия, Франция, Украина, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей және Беларусь елдерінің сарапшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

Конференцияда «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудағы PIARC рөлі», «Экологиялық және ұзақ мерзімді көлік инфрақұрылымын салуға арналған ХХІ ғасырдағы нанотехнологиялар», «Инфрақұрылымның сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету үшін құрылымдық мониторингтің, тестілеудің және сандық модельдеудің заманауи технологиялары», «Жолдағы ақылды технологиялар және апатты жағдайларды жою», «Пластмассаларды асфальтбетондардың беріктігін арттыру үшін полимерлі қоспалар ретінде қолдану»  сынды тақырыптар талқыланатын болады.

Халықаралық конференцияда қаралатын тақырыптардың еліміз үшін маңызды екенін атап өткен жөн. Өйткені еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру және автомобиль жолдарын дамыту күн тәртібіндегі маңызды сұрақтардың бірі болып табылады. Аталған іс-шара шетелдік және отандық ғалымдардың, сарапшылардың, жолшылардың, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қоғамдастықтың пікір алмасу алаңына айналмақ.

Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап Қазақстан PIARC ұйымының құрамына кірді. Тиісті келісімге Прагадағы XXVII Дүниежүзілік жол конгресінде қол қойылған болатын. PIARC-ке мүшелік ету халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленіп жатқан инженерлік құрылыстар мен жол қозғалысына қатысты заманауи техникалық әзірлемелерге және салалық құжаттамаға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив