Қазақстандық ғалымдар Калифорниядағы Беркли университетімен ғылыми ынтымақтастық орнатты

Қазақстандық ғалымдар Калифорниядағы Беркли университетімен ғылыми ынтымақтастық орнатты

Бұл университет инфрақұрылым мен көлікті қоса алғанда, әртүрлі салалардағы зерттеулер мен инновациялар шоғырланған әлемдік орталық саналады

Мемлекеттік тапсырма шеңберінде тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары Калифорниядағы Беркли университетімен стратегиялық маңызды ынтымақтастық орнатты. Атап айтқанда, университеттің зияткерлік инфрақұрылым орталығының директоры, профессор Шахзод Тахировпен бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қойылды.

Бүгінде PhD докторы Ш.Тахиров сенсорлық қондырғыларды зерттеу мен жол инфрақұрылымына енгізуге бағытталған технологияларды әзірлеп жатыр. Халықаралық деңгейдегі жолшылардың пікірлеріне сүйенсек, бұл технология ақауларды алдын-ала болжауға және анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге автожолдарды күтіп ұстау мен пайдаланудың тиімділігін арттыруға көмектеседі.

«Осы ынтымақтастықтың нәтижесінде еліміздің автомобиль жолдарына инновациялық технологияларды енгізуге болады. Бұл көлік инфрақұрылымын дамытуға және оның сенімді түрде пайдалануға ықпал етеді. Қол қойылған келісімдер автомобиль жолдарын мониторингілеу және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту, жол құрылыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету саласындағы жақсы көрсеткіштерге ықпал етуі мүмкін», деп атап өтті ҚазжолҒЗИ вице-президенті Ерік Әмірбаев.

Сонымен қатар қазақстандық жолшылар АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Sensor Fusion and Monitoring Technologies компаниясына барды. Отандық мамандар жол құрылымдарын мониторингтеу және тестілеу саласындағы озық технологиялармен танысты. 

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив