«Теңіз порты» кеден бекетінде СЭҚ қатысушылармен жұмыс кездесуі өтті

«Теңіз порты» кеден бекетінде СЭҚ қатысушылармен жұмыс кездесуі өтті

26 қазанда Ақтау халықаралық теңіз сауда портында орналасқан «Теңіз порты» кеден бекетінде сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) қатысушылармен жұмыс кездесуі өтті. Оған кеден өкілдері (брокерлер) және тасымалдаушылар қатысты.

Отырыста салықтар мен кедендік баждарды, оның ішінде арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және уәкілетті экономикалық оператордың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында декларанттардың кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын жалпы қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарында есепке алуды жүргізу қағидаларын қолдану бойынша міндеттері талқыланды.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылардың назарына e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшаларының ақпарат алу, декларация толтыру, салық төлеу және т.б. мүмкіндіктеріне ұсынылды.

Жұмыс кездесуінің соңында кеден бекетінің қызметкерлері сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларын қызықтыратын сұрақтарына жауап берді. 

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив