Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-кимыл жөніндегі бақылау шаралары

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-кимыл жөніндегі бақылау шаралары

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  салықтық әкімшілендіруде жаңа цифрлық шешімдерді (электрондық шот-фактуралар, тәуекелдерді басқару жүйелері) енгізу тәуекелді мәмілелерді мониторингілеу және анықтау жүйесін жақсартуға мүмкіндік бергенін хабарлайды.

Осылайша, ЭШФ мониторингі шеңберінде барлық мәмілелер бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің шығарылған жеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі.

Талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары шаралар қабылдауды жалғастыруда, оның ішінде мәмілелердің жалғандығын тану туралы сотқа талап-арыз береді.

Сотқа талап арыз берілгенге дейін салық төлеушілер мемлекеттік кірістер органдарына шақырылады, онда «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен мәмілелер бойынша барлық мән-жайлар қаралады, қорытындысы бойынша сотқа жүгіну туралы шешім қабылданады.

Жалпы, ел бойынша 2022 жылдан бастап соттар 4,7 мың мәміленің немесе қаралған талап арыздардың 79% жалғандығын мойындады.

2022 жылдан бастап осындай мәмілелер бойынша барлығы 56,2 млрд.теңге сомасында салық, оның ішінде тексеру нәтижелері бойынша 42,6 млрд. теңге өндіріліп алынды.

Тексерусіз дербес 13,6 млрд.теңге, оның ішінде камералдық бақылау хабарламалары бойынша – 4,3 млрд. теңге өндіріліп алынды. Бірқатар салық төлеушілер салықтарды хабарлама жіберілгенге дейін немесе тексеру тағайындалғанға дейін тыңдау рәсімі бойынша дербес төлегенін атап өтеміз.

Ағымдағы жылғы 9 айда тексеру барысында салық төлеуден жалтарудың әртүрлі схемалары анықталды, олардың қорытындысы бойынша бюджетке 125 млрд.теңге өндіріліп алынды, бұл әкімшілендіру бойынша барлық түсімдердің 20%-дан астамын (600 млрд. теңге) құрайды.

Сонымен қатар, салық төлеушілер тарапынан осы мәселе бойынша наразылық пен бірқатар ұсыныстар бар, оларды мемлекеттік кірістер органдары түрлі алаңдарда талқылауда.

Осыған байланысты салықтық әкімшілендіру әдістері
бизнес-қауымдастығымен өзара іс-қимыл жақсаратын болады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив