Астаналық полицейлер көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізушіге қатысты тағы бір оқиғаны анықтады

Астаналық полицейлер көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізушіге қатысты тағы бір оқиғаны анықтады

Елордалық полицейлер бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған адамның көлікті мас күйінде басқарған тағы бір оқиғаны анықтады.

Атап айтқанда түнгі сағат 02.20 патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Қабанбай батыр даңғылында «Тойота Лэнд Крузер» көлігін тоқтатқан. Анықтау барысында 35 жастағы елорда тұрғыны 2020 жылы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, көлік жүргізген. Бұл жолы да ер адам медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жеңіл дәрежедегі алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық бұзушы Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Айта кетсек ағымдағы жыл басынан  75 жүргізушіге ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жол-көлік оқиғаларын азайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу, көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында елордалық полиция қызметкерлері көлікті мас күйінде басқаратын жүргізушілерді анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. 

Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив