Мемлекеттік қызметшілерді заңсыз үстеме жұмысқа тартуға тыйым салынады

Мемлекеттік қызметшілерді заңсыз үстеме жұмысқа тартуға тыйым салынады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша мониторинг жүргізілуде.

Мәселен, Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне, ветеринария, дін істері, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларында мониторинг жүргізу барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында болу бойынша жекелеген фактілері анықталды.

Жұмыс уақыты режимінің сақталуына жүргізілген мониторинг нәтижелері тоқсан сайын жұмыс уақыты режимінің бұзылуының алдын алу және оған жол бермеуді қоса алғанда тиісті шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдарға жолданды.

Жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асыруы үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабында әкімшілік жауаптылық көзделгенін еске саламыз.

Бұл ретте, егер жұмыстан тыс уақытта не демалыс және мереке күндері жұмысқа шығудың қызметтік қажеттілігі туындаса, онда жұмыскердің жазбаша келісімін алу және қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті бұйрық шығару қажет. Мұндай жағдайларға уәкілетті органдардың жедел реакциясын талап ететін эпидемиологиялық, төтенше, табиғи, техногендік жағдайлар, дүлей зілзалалар және басқалар жатады.

Үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылатын мемлекеттік қызметшілерге еңбек заңнамасына сәйкес демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмыс мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтеледі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив