Марат Қарабаев Amanat партиясында азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

Марат Қарабаев Amanat партиясында азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен кездесуге Алматы және Тараз қалаларының тұрғындары жазылды. Тұтастай алғанда, жеке қабылдауда сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығына қатысты мәселелер айтылды

Мәселен, Алматының тұрғындары қимыл-қозғалысы баяу адамдар үшін (зейнет жасындағы және мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен т.б.) жерүсті өткелдерінің жағдайын жақсартуды сұрады. Сондай-ақ алматылықтар тұрғын үй қатынастары саласында реформалар жүргізіп, оның ішінде электронды дауыс беруді, бұған қоса сәулет және қала құрылысы қызметіндегі нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді өтінді. Ал Тараз қаласының азаматтарын баспананы күрделі жөндеуден өткізу мен жергілікті ПИК және МИБ-нің әрекеттері қаншалықты заңды екені алаңдатып отыр.

Марат Кәрімжанұлы қабылдауға келген азаматтардың толғандырған мәселелерін тыңдап, барлық сұраққа қолданыстағы заң аясында тұшымды жауап берді. Айталық, жерүсті өткелдеріне мұқтаж адамдар үшін арнайы көтеру платформаларын орнату бойынша қазір қажетті амалдар қолға алынды. 2023 жылдың соңына қарай мобильділігі төмен азаматтарға арналған 2 жаңа жерүсті өткелінің құрылысы аяқталмақ.

Тұрғын үй қатынасын реформалауға келсек, министр биыл күзде ҚР Парламент Мәжілісінде тиісті заңға енгізілетін түзетулер пакеті ұсынылатынын жеткізді. Сонымен қатар азаматтарға тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарына көшуге байланысты реформаны іске асыру барысы туралы түсіндіріліп, электронды форматта цифрлы дауыс беру үшін кілттерді алу жөнінде барлық оқыту материалдары ұсынылды.

Тараздықтардың баспананы күрделі жөндеуден өткізу мәселесін шешу үшін демеушілер тартылып, сондай-ақ тұрмыстық дауларды тиімді реттеудің жолдары көрсетілді.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив