ҚР ИИДМ басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

ҚР ИИДМ басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев еліміздің азаматтарын жеке мәселелеріне байланысты қабылдап, 50-ге жуық адамның өтініштерін қарады.

Ведомство басшысының қабылдауына келген азаматтардың тарапынан бірқатар мәселе көтерілді. Олардың дені көлік тұрағын жекеменшікке алу, жол құрылысы, тұрғын үйді жекешелендіру, баспана кезегі, халықтың осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ тұрғын үй қатынастарына қатысты болды.

Мәселен, елордалық мүмкіндігі шектеулі жандар инватаксидің қызметін реттеп беруін өтінді. Өтініш берушілердің пікіріне сенсек, ереже бойынша бұл көлік түрлері 24 сағат бойы жұмыс істеуге тиіс болғанымен сағат 17:00-ден оларды табу қиын. Сол себепті азаматтар министрден тасымалдаушы компаниялардың жұмыс кестесін ұзартуға қолғабыс етуді сұрады. Сонымен бірге арнайы құрал-жабдықпен жарақталған көлік санын арттырса деген өтініштерін жеткізді.

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, қазір Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдайтын 100-ден аса көлік бар. Олардың 5-уінде арбаға танылған азаматтарды көтере алатын жабдықтар қарастырылған. Тұтастай алғанда, бұл қызмет түрін реттеу тәртібі жергілікті атқарушы органдар мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзырында. Десе де Марат Қарабаев мүдделі тараптармен кездесіп, бұл мәселені шешудің жолдарын қарастыруға дайын екенін айтты.

«Сіздер айтқандай, инватакси қызметін мемлекеттің қарамағына алу жөніндегі ұсынысты қолдаймыз. Бірақ бұл бірден шешіле қоятын жеңіл мәселе емес. Ал арбаны көтере алатын көліктердің санын ұлғайтуға тоқталсақ, мұны кәсіпкерлердің көмегімен реттеудің жолын қосымша қарастырамыз.

Инватакси көліктеріне арналған тұрақ орындарын белгілеу үшін тиісті заңға өзгерістер енгізу қажет. Бірақ уақыт ұттырмау үшін Ішкі істер министрлігімен келісіп, аталған көліктерге ыңғайлы жерге тоқтауға рұқсат берудің амалын пысықтауымыз қажет. Осы мақсатта әкімдіктерден инватакси көліктерінің мемлекеттік нөмірлерін сұрастырып, бұл мәліметтерді ішкі істер органдарына тапсырамыз. Автобусқа арналған жолақпен жүруге рұқсат алу мәселесін де жауапты ведомстволармен талқылаймыз», деді Марат Кәрімжанұлы.

Бұдан бөлек аталған санаттағы азаматтар теміржол, әуе тасымалы қызмет түрлері бойынша жеңілдіктер берілсе деген өтініштерін де жеткізді. Бұл тұста Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мүгедектігі бар адамдарға әуе компаниялардың тарапынан жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті. Айталық, «Скат» компаниясы жылына бір рет 1-ші топтағы мүгедектер үшін 100%-ды жеңілдік ұсынып келеді. Сондай-ақ оларды алып жүретін азаматтарға билеттер қолжетімді тарифке сәйкес берілетінін айта кеткен абзал. Бұл бағыттағы жұмысты басқа да әуе тасымалдаушылар қолға алып жатыр.

Сонымен қатар қабылдау кезінде баспанамен қамтамасыз етуге қатысты сұрақ көп қойылғанын айта кеткен орынды. Осы ретте Қазақстанда «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйді жергілікті атқарушы органдар (әкімдік) кезектілік тәртібімен беретінін еске сала кетейік. Бұл заңға сүйенсек, ең әуелі кезекте тұрған көп балалы отбасыларға, жетім балаларға және соғыс ардагерлеріне басымдық беріледі. Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына 10 703 пәтерді сатып алуға 102,7 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.

Қорытындылай келгенде, ҚР ИИДМ басшысы қабылдауға жазылған азаматтардың сауалдарына толыққанды жауап беріп, барлық өтінішті заң аясында шешудің жолдарын көрсетті.     

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Glxjqw 23 ноября 2023 01:49

    popular acne prescriptions <a href="https://bestacnetreat.com/">acne pills prescribed by dermatologist</a> order trileptal generic

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив