«Үшарал – Достық» жол учаскесінің 90 шақырымы биыл пайдалануға беріледі

«Үшарал – Достық» жол учаскесінің 90 шақырымы биыл пайдалануға беріледі

Қазір құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңі жүріп жатыр, жолдың барлық аумағы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілген

Үшарал – Достық бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың 184 шақырымын жаңғырту көзделген. Жобаның құны – 61,2 млрд теңге. Бас мердігер – «АБК-Автодор НС» ЖШС.

Бұл ретте алғашқы 87 шақырым бойынша жол қозғалысы 2020-2022 жылдары ашылғанын айта кетейік. Бүгінде жұмыстар екі учаскеде жүргізіліп жатыр.

Мәселен, қазір 90-120 шақырым аралығындағы учаскеде 31 шақырымның 30-ында жабынның төменгі қабатын төсеуге байланысты жұмыстар аяқталып, барлық құбыр орнатылды. Қазір жолшы мамандар жолға мастикалық-қиыршық тасты асфальтбетонды төсеп жатыр. Аталған жұмыстар 16 шақырымның 14,2-сінде іске асырылды. Сондай-ақ қардан қорғайтын қоршаулар, баспалдақтар мен тосқауыл қоршаулары орнату қолға алынды. Бұдан бөлек Ырғайты өзені арқылы өтетін көпірге арқалықтар қойылып жатыр. Бүгінге дейін 50 арқалықтың 46 данасы орнатылды.

Екінші учаскеге келсек, 54,2 шақырымның 49,8 шақырымында жабынның төменгі қабатын орнатуға байланысты жұмыстар аяқталды. Барлық су өткізу құбырлары да салынды. Қазір 10,73 шақырымның 6,25-іне жабынның жоғарғы қабаты төселді. Сонымен қатар Тоқты көпірінің аралық тіректерін арматура салу арқылы нығайту, Шындалы көпірінің үстіңгі тақтасын құю, бұған қоса су өткізу құбырларын күшейту бойынша жұмыстар іске асырылып келеді. Темірбетон материалдары 100%-ға дайын тұр.

Мердігердің айтуынша, 90-180 шақырым аралығындағы учаскені биыл желтоқсанда пайдалануға беру көзделген.

Бұдан басқа ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Достық» өткізу пунктінің құрылысын аяқтау межеленген.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Parthenia 29 января 2024 13:08

    Just desire to say your article is as astounding.
    The clearness in your post is just great and i
    could assume you are an expert on this subject. Fine with your permission allow me to grab your feed
    to keep up to date with forthcoming post. Thanks
    a million and please continue the rewarding work.



    Look at my blog; acheter evorel
    en Espagne

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив