СҚО полицейлері 5 күнде 20 есірткі құқық бұзушылығын анықтады

СҚО полицейлері 5 күнде 20 есірткі құқық бұзушылығын анықтады

СҚО-да өткен аптада дәріханалар мен медициналық мекемелер полиция қызметкерлерінің назарында болды. Тәртіп сақшылары құрамында есірткі бар заттардың заңды айналымындағы ережелердің сақталуын тексерді. Мұндай заттар қылмыстық ортаға түсіп кетпеу үшін оларды сақтау және пайдалану заңмен қатаң бақылауға алынған. Бұдан бөлек, өз жұмысында прекурсорларды пайдаланатын кәсіпорындар да тексерілді. Полицейлер айтып өткендей, бұл саладағы тұлғалар өз жұмыстарына жауапкершілікпен қараған, дегенмен, 11 құқық бұзушылық анықталды. Олардың арасында Петропавлдағы дәріханалардың бірінде әсер ету күші қатты дәрілік затты рецептісіз сату фактісі де бар. Фармацевт ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабы бойынша жауапқа тартылды.

«Аталған жұмыс 24 және 28 шілде аралығында өткен «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізілді, - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Руслан Үмбетов. – Сонымен бірге басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар да тоқтатылмады. Іс-шара өткен 5 күнде 200 граммнан астам α-PvP синтетикалық есірткісі, 42 килограмм кептірілмеген марихуана тәркіленді. Жедел-профилактикалық іс-шара өткен уақытта барлығы түрлі 20 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның 9-ы қылмыстық, оның ішінде 3-уі есірткі өткізу фактілері. Аталған фактілерге қатысты сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешімдер қабылданатын болады. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив