ҚР ИИДМ көмір сату кезеңінде алыпсатарлықты алдын алу жөніндегі шаралар жоспарын әзірледі

ҚР ИИДМ көмір сату кезеңінде алыпсатарлықты алдын алу жөніндегі шаралар жоспарын әзірледі

Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифингте көмірмен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде айтылды

Кеншілер өлкесінде қатты отын сатылатын 52 орын белгіленген. Олардың 20-сы Қарағандыда орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша өңірді толығымен қамтамасыз ету үшін көмір қоры жеткілікті.

Алайда көмір тапшылығы мен жүк көлігі жүргізушілері арасында даулы жағдайларға жол бермес үшін Индустриялық даму комитетінің басшылығы делдалдар санын азайту жөніндегі шаралар жоспарын әзірледі.

«Қарағанды облысының көмірге деген  қажеттілігі – 1 млн 156 мың тонна. Министрлік жүйелі шараларды қабылдап жатыр. Біріншіден, республика деңгейінде тиісті іс-шаралар жоспары әзірленіп, бұл жөнінде барлық әкімдікке жеткізілді. Екіншіден, көмірді автокөлікпен республика аумағынан әкетуге толық тыйым салынды. Бұл шешімнің негізгі мақсаты – алыпсатарлар санын азайту және болдырмау», деді ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Азамат Панбаев.

Сонымен қатар мамандар халыққа арналған көмір сатылатын 9 жақын пунктті айқындап берді. Ал облыстағы Баршино ауылында құрғақ қойманы дайындап қою көзделіп отыр. Осы орайда өңір азаматтарына көмірді сату кезеңінде дүрбелең болу мүмкін екенін ескерген жөн.

Бұдан бөлек қосымша 4 отын базасын құру туралы шешім қабылданды: Ұлытау облысында 2, Қостанай облысында 1, Қарағанды облысының Осакаровка кентінде 1 сату пункті. Аталған пункттерге көмір теміржол көлігімен үздіксіз жеткізілетін болады.

Қатты отынның бағасы, жеткізу шарттары және сату орындары туралы толық ақпаратты Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен (8-7212) 42-15-05 нөмірі бойынша алуға болады. «Шұбаркөл көмір» АҚ жедел желісі: +7-702-784-92-22, +7-701-723-53-62.

Айта кету керек, ішкі нарықта көмір тапшылығын болдырмау мақсатында биыл 26 мамырдан бастап ИИДМ Қазақстан аумағынан көмірді автокөлікпен әкетуге 6 айға шектеу қойды. Қараша айында бұйрық тағы 6 айға, яғни 2024 жылдың 26 мамырына дейін ұзартылады.

Бұған қоса ҚР аумағынан лицензиясы бар көмір өндіруші кәсіпорындарға теміржол көлігімен тас және қоңыр көмірді экспорттауға айрықша құқық беруді көздейтін қаулының жобасы әзірленді. Оның жобасы ведомствоаралық комиссияның отырысында қарау үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігіне жіберілді. Тиісті нәтиже алынған соң аталған құжат мемлекеттік органдарға жолданып, сондай-ақ Үкіметке тиісті тәртіппен бекіту үшін жіберіледі.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

  1. аватар
    Bernd 1 сентября 2023 03:12

    Can I simply just say what a comfort to discover somebody who actually understands what they're talking about
    online. You definitely realize how to bring a problem to light and make it important.
    More and more people need to check this out and understand this side of the
    story. I was surprised you are not more popular because you surely have the gift.


    Feel free to visit my page - Trisha

  2. аватар
    Noreen 12 января 2024 08:17

    We're a group of volunteers and starting a new scheme in our community.
    Your website provided us with valuable info to work on. You have done
    a formidable job and our whole neighborhood will likely be grateful to you.



    my blog: Kraig

  3. аватар
    Finlay 4 февраля 2024 04:20

    You really make it appear so easy together with your presentation but
    I in finding this matter to be actually something which I feel I would by no means understand.
    It sort of feels too complicated and very broad for me.
    I'm having a look forward to your next submit, I will try
    to get the hang of it!

    Look into my web site ... comprar artandyl en Montreal

  4. аватар
    Amie 11 апреля 2024 21:57

    Hey I know this is off topic but I was wondering if you knew of any widgets I could add
    to my blog that automatically tweet my newest twitter updates.
    I've been looking for a plug-lotriderm
    te koop in Zwolle - bestel nu en ontvang snel
    .
    like this for quite some time and was hoping maybe you
    would have some experience with something like this.
    Please let me know if you run into anything. I truly enjoy reading your blog and I look forward to your new updates.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив