Астанада елішілік құндылықты дамыту жөніндегі кеңес өткізілді

Астанада елішілік құндылықты дамыту жөніндегі кеңес өткізілді

Елордада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың төрағалығымен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында елішілік құндылықты дамыту мәселелері талқыланды

Аталған кездесуге Энергетика мен Қаржы министрліктерінің, QazIndustry АҚ, тау-кен компанияларының басшылары, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазАтомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», «Қарашығанақ», «Петролиум Оперейтинг Б.В.», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өкілдері және отандық өндірушілер қатысты.

«Осы кездесудің негізгі мақсаты – жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында елішілік құндылықты дамытудың жолдарын талқылау. Мұндай форматтағы кездесу бірінші рет өтіп отыр. Алдағы уақытта сіздердің қызметтеріңіз менің жеке бақылауымда болады. Өйткені бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген тапсырмасының шеңберінде іске асырылып жатқан жұмыс. Қыркүйектің басында біз тағы да кездесіп, осыған байланысты сіздерден жедел жұмыс пен нақты көрсеткіштерге қол жеткізуді талап етемін. Барлық қолға алынған бастама халықтың игілігі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталуы қажет», деді М.Қарабаев.

Талқылау барысында отандық тауар өндірушілер ірі жер қойнауы пайдаланушылары тарапынан өнімді өткізу үшін келісімшарттар жасасуға кедергі келтіретін өзекті мәселелерді жеткізді.

Кеңес соңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі аталған ұсыныстар мен мүдделі тараптардың ескертулерін ескеріп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив