Қазақстанға қытайлық COFCO компаниясының басшылығы келді

Қазақстанға қытайлық COFCO компаниясының басшылығы келді

Қазақстандық бидайды ҚХР-ға экспорттау әлеуетін, сондай-ақ қолданыстағы келісімдерді ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен COFCO компаниясының вице-президенті Чжу Цзэ талқылады.

АШМ басшысы Қазақстанның жоғары сапалы және органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ азық-түлік өндірудегі үлкен мүмкіндіктерін атап өтті.

Сонымен қатар, министр өткен жылы егіннің рекордтық көрсеткіштерін еске салды. 22 млн тонна дәнді және бұршақты дақылдар, оның ішінде 16,4 млн тонна бидай жиналды.

 Қытайға жыл сайынғы жеткізу көлемін астық тасығыштармен және жабық вагондармен 1 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Айта кетейік, жақында ҚХР-ға жасаған сапарының қорытындысы бойынша COFCO компаниясы мен Азық-түлік корпорациясы арасында 75 мың тонна бидай жеткізуге экспорттық келісімшарттарға қол қойылды. Ербол Қарашөкеев Қазақстан тарапынан барлық міндеттемелер мерзімінде орындалатынын атап өтті. Келіссөздер барысында Азық-түлік корпорациясынан басқа да дақылдарды, яғни зығыр, арпа, күнбағыс және рапсты сатып алу мүмкіндігі қарастырылды.

 Бүгінгі таңда COFCO корпорациясы қазақстандық бидайдың ҚХР-ға ірі импорттаушысы болып табылады.

Сапар аясында қытай делегациясы Ақмола облысындағы азық-түлік корпорациясының астық қабылдау кәсіпорындарына барып, ауыл шаруашылығы өнімдерін тиеу процесімен танысты, сондай-ақ А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығында болды.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Nomhpu 31 августа 2023 17:38

    order fludrocortisone 100 mcg online cheap <a href="https://acipolax.shop/">order bisacodyl 5 mg online cheap</a> buy loperamide generic

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив