Жамбыл облысында «шетелдік көлікті рәсімдеймін» деп ақша алған алаяқ ұсталды

Жамбыл облысында «шетелдік көлікті рәсімдеймін» деп ақша алған алаяқ ұсталды

Тараз қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны осы жылдың сәуір айында белгісіз ер адамның шетелдік нөмірі бар автокөлігін ҚР есебіне қоюға уәде етіп, сенімін теріс пайдалану жолымен оның 137.000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп кеткені туралы шағыммен жүгінді. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 34 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Ер адам кінәсін мойындады. 

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті алаяқтардың құрбаны болып қалмас үшін қолданыстағы заң талаптарын айналып өту жолдарын іздемей, оны бұлжытпай орындау керектігін ескертеді. Барлық қызметтерді мемлекеттік органдардан алу қажет. Олай болмаған жағдайда, заңды рәсімдерді айналып өтуге тырысу екі тарап үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив