Онлайн бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау туралы маңызды ақпарат

Онлайн бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау туралы маңызды ақпарат

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында фискалдық деректер операторлары, БКМ өндірушілер және жеткізушілері онлайн-БКМ-нан фискалдық деректер операторларының («Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Jusan Mobile» АҚ, «КаР-Тел» ЖШС) серверіне деректерді беру 2.0.2 нұсқалы хаттаманы жасау бойынша жұмыстар жүргізілгенін хабарлайды.

2.0.2 хаттамасының артықшылығы:

  1. Клиенттің талабы бойынша фискалдық чекте сатып алушының ЖСН/БСН көрсету мүмкіндігі. Егер сатып алушының чегінде ЖСН немесе БСН көрсетілсе, онда 1 000 АЕК-тен асатын мәмілелер бойынша ҚҚС төлемейтіндер үшін мұндай чек электрондық шот-фактураның орнына КТС шегеруге арналған растаушы құжат болып табылады;
  2. Төлемнің жаңа түрі қосылды – Мобильді төлем;
  3. Тауардың атауын көрсету мүмкіндігі.

Салық заңнамасын сақтау мақсатында, онлайн-БКМ-ның хаттаманың 2.0.2 нұсқасына сәйкестігін тексеру қажет.

Егер онлайн-БКМ 2.0.2 хаттамасынан басқа хаттамаларда жұмыс істейтін болса, онлайн БКМ-ді 2.0.2 нұсқасының хаттамасына алдын ала қайта бағдарламалау қажет.

Сондай-ақ, жалпыға бірдей 2.0.2 хаттамасына көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, 2023 жылғы 1 маусымнан бастап 1.2.3 нұсқалы хаттаманы бұғаттау жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Осыдан кейін 72 сағат ішінде БКМ дербес режимде жұмыс істейтін болады. 72 сағат өткеннен кейін БКМ деректерді ФДО-ға жібермейді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 284-бабының 3-тармағына сәйкес бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін бермеу не бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін тауарға немесе көрсетілетін қызметке төленген сомадан артық немесе кем сомаға беру – ескертуге әкеп соғады, ал бір жыл ішінде қайталап әрекет жасалған жағдайда айыппұл салынатынын қосымша хабарлаймыз.

Қосымша сұрақтар бойынша онлайн БКМ тіркелген ФДО байланыс орталығына мына нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

- «Қазақтелеком» АҚ – 8 800 080 00 51, 8 727 259 00 51, 8 7172 59 00 51;

- «Транстелеком» АҚ – 8 7172 647-647 немесе 1702;

- «Jusan Mobile» АҚ – 8 727 2 377-777;

- «КаР-Тел» ЖШС – 8 727 321 03 03, 8 7172 73 83 83 немесе 2106.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив