Бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының ЖСН-і көрсетілуі керек пе?

Бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының ЖСН-і көрсетілуі керек пе?

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әлеуметтік желілерде азаматтар кейбір дүкендерде сатушылар сауда жасағаннан кейін  сатып алушылардан ЖСН-ді беруді талап ететінін айтып, шағымданатынын хабарлайды

Бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының ЖСН-і қай кезде көрсетілуі керектігін түсіндіреміз.

2022 жылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдану тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Салық кодексінің 166-бабына).

Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БКМ қолдану кезінде тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады.

Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес БКМ чегінде көрсетілуі тиіс ақпарат тізбесі белгіленген.

Өз кезегінде, Салық кодексінің 166-бабы 7-тармағына сәйкес онлайн-БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетілуі тиіс.

Осылайша, тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде сатушы БКМ чегін беруге және тек қана сатып алушының (клиенттің) талабы бойынша БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының ЖСН нөмірін көрсетуге міндетті.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив