СҚО полициясының бастығы белсенді азаматтық ұстанымы үшін үш петропавлдықты марапаттады

СҚО полициясының бастығы белсенді азаматтық ұстанымы үшін үш петропавлдықты марапаттады

«Динамо» қалалық стадионында Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаевтың қатысуымен полицияның кешенді күштерінің жалпыгарнизондық таратылуы өтті. Руслан Аңбаев жаз мезгіліне арналған қалалық полицияның негізгі міндеттерін атап өтіп, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов облыс орталығының өмріне бей-жай қарамайтын бірқатар қала тұрғындарын алғыс хаттармен марапаттады.

Қалалық полиция басқармасының патрульдік полицейлері, учаскелік полиция инспекторлары, полиция департаментінің, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері – күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға бірнеше ауысымда жүздеген әскерилер мен тәртіп сақшылары жұмылдырылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қаланы абаттандыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің басқа да мәселелерін шешуде белсенділік танытып, азаматтық ұстанымы көрсеткені үшін петропавлдық үш тұрғын облыстық полиция бастығының алғыс хаттарымен марапатталды. Мәлік Шигабутдинов, Сергей Сайко және Евгений Соловьев бірнеше жыл қатарынан ішкі істер органдарына елеулі көмек көрсете отырып, қоғамның игілігі үшін белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Айдын Қабдұлдинов олардың әрқайсысының қала өміріне немқұрайлы қарамауы және еңбегі құрметке лайық екенін атап өтті.

Руслан Аңбаев полиция департаментінің басшылығымен және департамент жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметовпен бірге патрульдік полиция батальоны автотехникасының жай-күйімен танысып, жазғы маусымда ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар мәселелерге тоқталды. Бұл – қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, ұсақ бұзақылықтардың, шыны аялдама павильондары мен шағын сәулет нысандарының бұзылуының алдын алу, сондай-ақ қаңғыбас иттердің қатысуымен және су айдындарында шомылу кезінде болуы мүмкін жазатайым оқиғаларды ескерту.

Қызмет атқару орындарына тарату аясында полицейлердің саптық даярлығы тексерілді. Қалалық полиция басқармасының жедел кезекшісі бағдарларды оқып берді. Жалпыгарнизондық тарату ведомствоның мәдени орталығының үрмелі оркестрінің сүйемелдеуімен өткен дәстүрлі салтанатты маршпен аяқталды. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив