Мемлекеттік корпорация мен РНП өкілдері нотариустардың жұмысымен танысты

Мемлекеттік корпорация мен РНП өкілдері нотариустардың жұмысымен танысты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы мен Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы нотариустардың жұмысымен танысып, ЖМБМК жүйесінің жұмыс қабілеттілігін тексерді.

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа ақпараттық жүйесіне көшуіне байланысты алғашқы күндері жылжымайтын мүлік желісі бойынша қызметтердің уақытша дұрыс жұмыс істемеуі байқалды. Мемлекеттік корпорация қажетті жұмыстарды жүргізіп, техникалық ақауларды ретке келтірді. Біз үшін ең бастысы нотариустардың, сондай-ақ, eGov.kz портал мен ХҚКО-лардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Енді біз осы жүйемен жұмыс істейтін басқа да құрылымдарды іске қосамыз», - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

«Бүгінгі таңда нотариустар әдеттегі түрде жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта техникалық ақауға дейін БНАҚЖ арқылы тапсырыс берген анықтамаларды іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір ЖМБМК-ға көшуге байланысты жүйелерді интеграциялау жұмыстарын аяқтап жатырмыз. Жүйедегі ақаулар жойылғанға дейін азаматтар нотариустар арқылы мәмілелерді жасай алатындай уақытша шешім ойластырылған. Қазіргі уақытта нотариустар eGov.kz порталында үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі арқылы тапсырыс бере алады. Айта кетейік, 10 мамырдан бастап БНАҚЖ-дан 8 114 өтініш қабылданды. Қазіргі уақытта өтініштердің ішінде 4 367 орындалды», - деп атап өтті РНП Төрағасы Жанабилова Асель Булатказыевна.

БНАҚ жүйесі ЖМБМК-ны қосқанда әр түрлі ондаған ақпараттық жүйелермен біріктірілгенін ескере кеткен жөн. Биыл 5-9 мамыр аралығында «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасынан «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпараттық жүйесіне көшуге байланысты техникалық жұмыстар жүргізілді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Norine 11 апреля 2024 19:02

    What i do not understood is actually how you're no longer really much more smartly-favored than you might be now.
    You are very intelligent. You know therefore considerably in relation to this topic,
    made me individually believe it from so many varied angles.
    Its like men and women don't seem to be interested unless it is one thing to accomplish with
    Girl gaga! Your own stuffs great. At all times take care of it up!


    Also visit my webpage: Virginia

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив