Қазақстан Германиямен өнеркәсіп кооперациясы және машина құрастыру саласында ынтымақтастықты арттырмақ

Қазақстан Германиямен өнеркәсіп кооперациясы және машина құрастыру саласында ынтымақтастықты арттырмақ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов Қазақстан-Германия стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңесінің XIV отырысына қатысты.

Бұл ретте алқалы жиын «Жаңа Қазақстан – әріптестіктің жаңа мүмкіндіктері» аясында өткізілгенін атап өткен жөн. Вице-министрдің айтуынша, қазір Қазақстан мен Германия арасындағы өнеркәсіп кооперациясы құны 1,8 млрд долларға жететін 26 жоба бойынша іске асырылып келеді. Бұған қоса ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін Claas, сондай-ақ осы салаға қажетті тіркемелерді шығаратын Reimann компанияларымен бірлесіп, іске асырылған жобалардың оң нәтижелері жөнінде де айтылды.

«Германияда автокөлік өндірісі өнеркәсіптің негізгі салалардың бірі екенін ескерсек, Қазақстан бұл бағытта, оның ішінде ауылшаруашылық машиналарын жасау секторын қоса алғанда тығыз кооперациялық байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделі екенін айтқым келеді», деді І.Оспанов.

Бұдан бөлек ҚР ИИДМ басшысының орынбасары екіжақты сауда-экономикалық қатынастың көкжиегін кеңейтуге қауқарлы өңдеу өнеркәсібінің әлеуеті туралы да жеткізді.

«Тұтастай алғанда, бізде жаңа мыс балқыту мен электролиз зауыттарын салу мүмкіндігіміз бар. Сондай-ақ импортты алмастыруға бағытталған елдік деңгейдегі жобаны іске асыру жолдары қарастырылып отыр», деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары.

Кездесуді қорытындылай келе тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Еуропа – Орталық Азия – Қытай бағыты бойынша транзиттік тасымалды нығайтудың артықшылығы мен екі мемлекеттің тиімді байланысын одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

Аталған отырысқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, экономикалық бірлестіктердің мамандары, квазимемлекеттік сектор субъектілері және Қазақстан мен Германияның компаниялары қатысқанын еске сала кетейік.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі


 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив