Петропавлдық ерлі-зайыпты полицейлер: «Бірлік – отбасы мен қоғамның құндылығы»

Петропавлдық ерлі-зайыпты полицейлер: «Бірлік – отбасы мен қоғамның құндылығы»

Петропавлдық ерлі-зайыпты полицейлер полиция майорлары Серік Әбілғазинов пен Жұлдыз Мұхамадиева 2010 жылы курсант болып жүрген кездерінде танысқан. Серік әскери институтта, Жұлдыз ІІМ-ның Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында оқып жүрген. Оқуды аяқтағаннан кейін екеуі де ел астанасына қызмет атқаруға түскен. Бірақ әскери өмір мен полиция қызметінде «романтикалық шаққа» уақыт болмады. Дегенмен 2014 жылы әскери бөлімнің рота командирінің орынбасары мен Астана қ. Сарыарқа ауданы полиция басқармасының тергеушісі отау құрды. Кейін Серік қызмет бабымен туған Петропавл қаласына ауыстырылды. Көп ұзамай Жұлдыз да жарының соңынан ілесіп келді. Капитан Абылғазинов тұрғылықты мекенжайын ғана емес, қызмет орнын да ауыстырып, өзінің жинаған тәжірибесімен солтүстікқазақстандық полицияның қатарын толықтырды. Қазір ол СҚО ПД аппаратының инспектор-психологы, алғы шепте қылмыспен күресіп жүрген қызметкерлерге қолдау көрсетіп, дайындайды.

Полицейлер отбасы үш ұл тәрбиелеуде. Оларды өсіруге Серіктің анасы көмектеседі. Ерлі-зайыптылардың екеуі де қызметтерін бар ынтамен атқарып, тапсырмаларды уақтылы орындауға тырысады. Ал демалыс күндерін үйде ата-аналарын тағатсыздана күтіп отыратын ұлдарына арнайды. Отбасының негізгі хоббиі – спорт. Өйткені отағасы дене шынықтыруға өте жауапты. Әкелерінің бұл ісін Ұлан, Сұлтанәлі және кішкентай Мұхамедәзиз де қолдайды. Отанасы Жұлдыз да бұл спорт түрінен қалыс қалмауға тырысады. Демалыс күндерін отбасылық кроссқа арнау дәстүрге айналған.

«Бірлігі мықты отбасы – мықты мемлекет». Бұл біздің ұранымыз, - дейді Жұлдыз. – Әлемнің көптеген елдерімен бірге Қазақстан да Халықаралық Отбасы күнін атап өтуде. Мереке күні отандастарымызға бір-бірін сүйіп, құрметтеуді тілеймін, өйткені бірлік пен өзара түсіністік – бұл тек отбасының ғана емес, біздің Отанымыздағы қоғамның құндылықтары». 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-politsiyasynda-erli-zajypty-politsejler-qyzmet-etedi/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив