Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өндірісінің 3 айдағы көлемі 37,8%-ға ұлғайды

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өндірісінің 3 айдағы көлемі 37,8%-ға ұлғайды

Биыл 10-шы сәуірде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы күшіне еніп, соған сәйкес жеңіл өнеркәсіп бойынша іске асырылатын инвестициялық жобаларға байланысты 3%-дық сыйақы мөлшерлемесінде қаржылай қолдау тетігі қарастырылған.

3%-дық пайыздық мөлшерлемемен зайымдық ақшаны ұсыну отандық жеңіл өнеркәсіпті қаржылай тұрғыда қолдаудың жаңа түрі. Оның операторы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ саналады. Бұл тетік шағын және орта бизнесті ынталандыруға бағытталып, орта және жоғары бөліністегі тауарларды өндіретін, сондай-ақ ішкі нарықтан шикізат сатып алуды көздейтін кәсіпорындарға басымдық берілмек.

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктелуіне сәйкес келесідей қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындар тиісті қаражатты алуға мүмкіндігі бар:

- тоқыма бұйымдарының өндірісін жолға қойған (ЭҚЖЖ 13-бөлімі);

- киім өндіретін (ЭҚЖЖ 14-бөлімі);

- былғары және оған қатысты өнімдерді шығаратын кәсіпорындар (ЭҚЖЖ 15-бөлімі).

Бұл ретте бір жобаға қарастырылатын зайымдық ақшаның шекті мөлшері – 5 млрд теңге.

Сондай-ақ маңызды шарттардың бірі өндірісті жаңғырту кезінде кем дегенде 30 адамды, ал жаңа өндірісті құрған шақта 80 адам жұмыспен қамтамасыз етілуге тиіс.

Кейінгі мәліметтерге сүйенсек, қазір инвестициялық жобалар пулында жеңіл өнеркәсіпке қатысты 60-қа жуық жоба бар. 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын осы жобалар бойынша 10 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.

 «Жеңіл өнеркәсіп адамның өмірінде үлкен маңыз алатын сала. Неге десеңіз, тұтыну көлемі жағынан аталған сектор екінші орында келеді, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтитын әлеуметтік тұрғыда өтеі маңызды сала саналады. Біздің алдымызға республикадағы барлық шикізатты дайын өнімге дейін өңдеп, шығару міндеті қойылған» деді ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының міндетін атқарушы Олжас Сапарбеков.

2023 жылдың қаңтар-наурыз аралығында елімізде 55,5 млрд теңге сомасына жеңіл өнеркәсіп өнімі өндіріліп, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 37,8%-ға көп. Сонымен қатар өндірісті үздіксіз жалғастырып келе жатқан кәсіпорынның саны 2022 жылмен салыстырғанда 9%-ға немесе 122 нысанға ұлғайғаны байқалып отыр.

Жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс өсімі оның барлық түрінде тіркелді: тоқыма бұйымдарын өндіру 57,6%-ға, киім өндірісі 11,7%-ға, былғары және оған қатысты өнімді шығару 7,4%-ға артқан.

Бұл бағытта өңірлер арасында Түркістан облысы (28,5%), Шымкент (16%) және Алматы қалалары (8%) мен Ақмола облысы (5,6%) көш бастап келеді.

Сөз орайы келгенде айта кетейік, Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп бағытында
1445 кәсіпорынның қызметі жолға қойылып, 22 мың адам еңбек етіп келеді. 

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Olive 13 сентября 2023 03:04

    Having read this I believed it was very informative.
    I appreciate you taking the time and energy to
    put this information together. I once again find myself personally spending a significant amount of time both reading and posting comments.
    But so what, it was still worth it!

    Feel free to surf to my webpage :: ¿dónde comprar paroxetine de forma segura?

  2. аватар
    Garrett 28 декабря 2023 11:39

    Thanks for ones marvelous posting! I seriously enjoyed reading it, you will be a great author.
    I will be sure to bookmark your blog and will often come back very soon. I want to encourage
    that you continue your great posts, have a nice holiday weekend!



    My webpage: bestellen abilify online

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив