Жамбыл облысында аса ірі партияда трамадол тәркіленді

Жамбыл облысында аса ірі партияда трамадол тәркіленді

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық заттарын жеткізу арнасын жабу бойынша арнайы операция жүргізді. 

Арнайы іс-шаралардың нәтижесінде Байзақ ауданы Үлгілі ауылының 53 жастағы тұрғыны ұсталды. 

Күдіктінің үйін тінту барысында оның бөлмесінен 3430 дана "Трамадол", 90 дана "Самнол", 138 дана "Тропикамид" табылып, тәркіленді. Барлығы 3430 таблетка, 514 гр. 5 млгр. синтетикалық заттар алынды. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталған адам өз кінәсін толық мойындады. Күдіктіге 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. 

- Синтетикалық есірткілерді құқықтық салаға енгізу олардың айналымын уақтылы тоқтатуға мүмкіндік берді. Осы жылдың наурыз айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен трамадол – есірткі құралдарының тізіміне енгізілді. Бұл елімізде өзгерістер енгізілгеннен кейінгі "трамадол" психоактивті затының аса ірі партиясын тәркілеудің алғашқы дерегі, - деп хабарлады облыс ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив