Үйінде есірткі сақтаған Шу тұрғыны ұсталды

Үйінде есірткі сақтаған Шу тұрғыны ұсталды

2022 жылғы 15 желтоқсанда Шу қаласының 32 жастағы тұрғыны есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ұсталды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді. 

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында үйінің дәлізінде салмағы 1 келі 285 гр "кептірілген марихуана" есірткі заты бар ақ түсті пакет табылып, тәркіленді. 

Ұсталған азамат өз кінәсін толығымен мойындады және Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. 

- Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, - деп атап өтті облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив