«ҚОСТАНАЙДА БІРҚАТАР САЛАЛАР БОЙЫНША ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУЛАР МЕН МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ»

«ҚОСТАНАЙДА БІРҚАТАР САЛАЛАР БОЙЫНША ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУЛАР МЕН МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ»

Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, кәсіпкерлікті лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қорғау, сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейіне халықтың әлеуметтік сауалнамаларының қорытындылары және жергілікті мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру сапасы туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі комиссия шеңберінде талқыланды.

Отырыс барысында Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Бауыржан Ұзынжас Денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығын субсидиялау, жер мен тұрғын үйді бөлу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаулар мен мониторингтер қорытындылары туралы ақпараттандырып, "Бизнеске жол" жобасын іске асыру бойынша қолданылған іс-шараларға жеке тоқталып кетті.

Сонымен қатар, облыстық Антикор басшысы барлық нысаналы топтар арасында жүргізілген анонимді сауалнамалардың қорытындысын жариялады. Халықтың пікірінше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым жоғары деңгейде ұшыраған негізгі салаларға қалалар мен аудандар әкімдерінің аппараттары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік сатып алу, білім беру, құрылыс, денсаулық сақтау салалары және т.б. кірді.

Комиссия жұмысында облыстың Кәсіпкерлер Палатасы директорының, облыстық Мемлекеттік сатып алу басқармасының және Қостанай қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы қол жеткізген жетістіктері бойынша баяндамалары тыңдалды.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Комиссия отырысының  қорытындысы бойынша Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының назарын сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершіліктеріне назар аударды және облыстық басқармалардың басшылары мен қалалар мен аудандардың әкімдеріне мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті енгізу және өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша жұмысты жалғастыруға бірқатар нұсқаулар берді. 

ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша Департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив