Қазақстанда металлургия саласында жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

Қазақстанда металлургия саласында жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев қытайлық China Nonferrous Metals Mining (Group) Co., Ltd. металлургиялық компаниясының бас директорының орынбасары Лю Юй мырзамен кездесті. Тараптар Қазақстанда мыс балқыту зауыты жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Марат Қарабаев шетелдік компанияның елімізде ірі жобаларды іске асыруда жоғары нәтижеге жеткендігін атап өтті. Олардың қатарында Қазақстандық электролиз зауыты, Ақтоғай және Бозшакөл жобалары бар. 

"Қазақстанды инвестиция құю және өндірістік қуаттарды кеңейту үшін таңдағаныңызға алғыс айтқым келеді. Біз өңдеу өнеркәсібінің заманауи және технологиялық өндірістерін іске асыру үшін инвестициялар тартуға мүдделіміз. Өз тарапымыздан жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсетуге дайынбыз",- деді ҚР ИИДМ басшысы. 

Қазақстан тарапынан инвестициялық жобаны "Қазақмыс корпорациясы" және "KAZ Minerals" компаниялары жүзеге асырады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 300 мың тонна катодты мысты құрамақ. Жоба инвестицияларды тартып қана қоймай, ұзақ мерзімді кезеңге бірнеше жүздеген жұмыс орындарын құруды көздейді. 

Өз кезегінде China Nonferrous Metals Mining (Group) Co., Ltd. компаниясының бас директорының орынбасары Лю Юй Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының деңгейін жоғары бағалап, жаңа жоба тараптардың байланысын нығайта түсетіндігіне сенім білдірді. 

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив