ҚР мен ЕО-ның ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастығы: Е. Қарашөкеев Брюссельде Еурокомиссарлармен өзекті мәселелерді талқылады

ҚР мен ЕО-ның ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастығы: Е. Қарашөкеев Брюссельде Еурокомиссарлармен өзекті мәселелерді талқылады

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Брюссельге сапары аясында еуропалық комиссарлармен кездесті. 

ҚР АШМ басшысы ауыл шаруашылығы жөніндегі еурокомиссар Януш Войцеховскиймен келіссөздер барысында ел Үкіметінің ЕО-мен сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі кеңейтуге дайындығын атап өтті.

Қазақстан жоғары сапалы органикалық азық-түлік жеткізушісі болу үшін барлық мүмкіндіктерге ие, деп атап өтті Ербол Қарашөкеев. Атап айтқанда, отандық балық өнімдерін Еуроодақ елдеріне экспорттау туралы сөз болды. Тиісті келіссөздер процестері аяқталуда, Франция және Швейцариямен қазақстандық балық өнімдерін сатып алуға коммерциялық уағдаластықтар бар. Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық балықтың ЕО елдеріне экспорты 1,5 есеге артып, 8,7 мың тоннаны құрады. Негізгі тұтынушылар Польша, Словакия, Чехия, Нидерланды, Литва, Латвия, Дания, Австрия және Германия болды.

Сондай-ақ, еліміз еуропалық нарыққа бал, жылқы еті, сиыр еті мен сүт өнімдерін жеткізе алады.

Еурокомиссар Стелла Кириакидеспен кездесу барысында Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы сауданы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

 Атап айтқанда, биылғы жылы күшіне енген микробқа қарсы препараттарды профилактикалық мақсатта қолдануға тыйым салу туралы Еуропалық заңнамаға енгізілген өзгерістер еуропалық мемлекеттерден Қазақстанға асыл тұқымды малды экспорттау кезінде қиындықтар туғызады, деп атап өтті Ербол Қарашөкеев. Осы мәселені реттеу үшін министр екіжақты ветеринариялық сертификаттарға өзгерістер енгізуді сараптамалық деңгейде пысықтауды ұсынды. АШМ басшысы сондай-ақ Қазақстанға жануарлар ауруларының әкеліну қаупін азайту бойынша бірлескен шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті. Мал шаруашылығын дамытудың түрлі бағдарламалары аясында елге Еуропалық Одақ елдерінен 57 мың асыл тұқымды мал әкелінді.

Айта кетейік, ҚР сыртқы саудасының шамамен 30% ЕО-ның үлесіне тиесілі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы 35,6% өсіп, 995,5 млн долларды құрады. Қазақстанда зығыр, бидай, рапс және өңделген дәнді дақылдардың экспорты ұлғайды.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

11 пікір

  1. аватар
    Marylyn 30 августа 2023 18:15

    Hey outstanding blog! Does running a blog like this take a
    large amount of work? I have absolutely no understanding of programming however I had been hoping to start my own blog soon. Anyways, if you have any ideas or
    techniques for new blog owners please share.

    I understand this is off topic nevertheless I simply had to
    ask. Appreciate it!

    Feel free to visit my web blog :: Santiago

  2. аватар
    Zella 10 апреля 2024 23:40

    Woah! I'm really loving the template/theme of this site. It's simple, yet effective.
    A lot of times it's very difficult to get that "perfect balance" between superb usability and visual appearance.
    I must say that you've done a very good job with this.
    In addition, the blog loads super fast for me on Firefox.
    Exceptional Blog!

    My webpage: vente en ligne de glucophage

  3. аватар
    Dannie 24 августа 2024 21:11

    монеты карты таро это да или нет снится что я убегаю от кого
    то гадание онлайн таро его мысли сегодня
    шут таро отношения форум лев
    и овен совместимость в дружбе проценты

    my page: аркана на
    скаймага цена

  4. аватар
    Brooks 8 сентября 2024 21:40

    поговорки о здоровье на казахском языке, пословицы на
    казахском с переводом пайымдау мәтіні 2 сынып,
    күз үйлену туралы хадистер пайымдау мәтіні аяулы ана минус,
    аяулы ана қарақат скачать мұрыннан жасыл, мұрын бітелсе үй жағдайында

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив