Азаптауларға жол бермеу бойынша қабылданған шаралар туралы Бас прокуратура хабарлады

Азаптауларға жол бермеу бойынша қабылданған шаралар туралы Бас прокуратура хабарлады

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап азаптауларды қолдану фактілері бойынша қылмыстық істер прокуратура органдарымен тергеп-тексерілуде.

Осындай істерді тергеуде арнайы прокурорлардың тәжірибесі мол.

Олардың жұмысын регламенттеу үшін «Прокуратура органдарында азаптаулар туралы қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеп-тексерілуін ұйымдастыру туралы» Нұсқаулық бекітілді.

Тергеу тәжірибесі мен тергеу сапасын жоғарылатуды жандандырумен қатар, Бас прокуратура басқа да қылмыстық қудалау органдарымен бірлесе азаптаулардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдады.

Тоқтала кететін болсақ, барлық құқық қорғау органдары мен түзеу мекемелерінде түгелдей бейнебақылауды енгізу жұмыстары жалғасуда.

Азаптауларды жасау жағдайлары мен себептерін талдау негізінде «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жазаны орындау сатысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бастандықтарын сақтауды қамтамсыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бірлескен бұйрық жасалып, күшіне енді.

Бірлескен бұйрыққа барлық құқық қорғау органдарының басшылары қол қойды.

Оның мақсаты – азаптаулар және басқа да тергеп-тексерудің рұқсат берілмеген әдістеріне қарсы әрекеттер бойынша шаралардың тиімділігін арттыру болып табылады.

Нұсқаулықта құқық қорғау органдарына азаматтарды тек жеткілікті мәліметтер болған жағдайда ғана жеткізу туралы талаптар қаралған.

Тергеушіден басқа, өкілеттігі жоқ тұлғалардың жеткізілген азаматтармен қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайлары бойынша қандай да бір сөйлесу, әңгімелесу және сұрақ қоюды жүргізуіге тыйым салынған.

Жеткізілген және ұсталған азаматтар шұғыл түрде тергеу әрекеттерін жүргізу үшін арнайы кабинеттерге жөнелтілуі қажет.

Арнайы кабинеттер стандарт бойынша бірінші қабатта, айқын қабырғалармен, бейнебақылау камераларымен жасақталады.

Ұсталғаны туралы дереу оның туысқанына немесе тиісті тұлғаға хабарлануы тиіс, олардың байланыс мәліметтері хаттамада көрсетілуі қажет.

Азаматтарды ұстау, жеткізу және алып келу негізділігі мен заңдылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаптаулар мен басқа да қатаң, адамгершіліксіз немесе намысты таптауға жол бермеуге аумақтық құқық қорғау органдары басшыларының жеке жауаптылықтары бекітілді.

Айғақтарды жинау, жауап алу және қажетті сот сараптамаларын тағайындау бойынша кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерін жүргізу үшін азаптаулар жасалған орынға прокурордың дереу шығуы бойынша талаптар қойылды.

Осылайша, құқық қорғау органдарымен бірлескен бұйрықты іске асыру – азаматтардың құқықтарын қорғауды арттырады. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив