СҚО-да тасымалдаушыларды субсидиялау мәселесі шешілді

СҚО-да тасымалдаушыларды субсидиялау мәселесі шешілді

Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов болды.

Сапардың негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерімен әкімшілік-бюрократиялық кедергілерді жою мәселелері бойынша кездесу. Себебі мемлекеттің экономикалық әл-ауқатының өсуі отандық кәсіпкерліктің дамуына байланысты.

Саян Ахметжановтың айтуынша, кәсіпкерлердің бастамаларын қолайлы іске асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасын іске қосты.

- Бизнесті қорғаудың жобалық тәсілі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Әр өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінен, «Атамекен» ҰКП АҚ өкілдерінен және жұртшылықтан жұмыс топтары құрылды. Бизнеспен диалог алаңдары ұйымдастырылды. Бұл жұмысқа жергілікті атқарушы органдар да қосылған, - деді Саян Ахметжанов.

Бүгінгі таңда өңірлік Департаменттің қарауында кәсіпкерлердің бірқатар шағымдары бар, бұрын келіп түскен өтініштердің бір бөлігі оң шешімін тапты.

Тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау кезінде жергілікті атқарушы органдар құрған әкімшілік кедергі жойылды.

Тасымалдаушылар қауымдастығы өкілінің айтуынша, шартта дискрециялық норманың болуына байланысты олар екі жыл бойы Петропавл қаласының әкімдігінен тиісті субсидияларды толық көлемде ала алмады, бұл жалақы төлеуге, қарыздарды өтеуге және автобус паркін жаңғыртуға кері әсерін тигізді.

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымдастырған пікір алмасу алаңының нәтижесінде, тараптар ортақ пікірге келуіне байланысты жемқорлық тәуекелі алынып тасталды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив