СҚО тұрғындарына интернет-алаяқтардың схемалары және қауіпті сайттар туралы айтылды

СҚО тұрғындарына интернет-алаяқтардың схемалары және қауіпті сайттар туралы айтылды

Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы айтып, қылмыстың осы түрінің алдын алу бойынша маңызды кеңестерін берді.

Солтүстік қазақстандықтармен сұхбат ведомствоның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында тікелей эфир арқылы ұйымдастырылды.

Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мадияр Хариповтың айтуынша, СҚО-да 2022 жылдың қорытындысы бойынша ақпараттық технологиялар саласында 825 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның 781-і интернет алаяқтық. Талдау көрсеткендей, өткен жылы желілік алаяқтардың арбауына көбінесе әйел адамдар түсіп қалған. Ең көп таралған схема – «банктен» қоңырау шалу әдісі. Солтүстік қазақстандықтар үшін ең қауіптісі OLX сайты мен Instagram әлеуметтік желісі. Мұнда облыс тұрғындары тауарларды сатып алу және түрлі қызметтерге тапсырыс беру кезінде қаскөйлердің құрбаны болған.

Мадияр Харипов пен криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Виктория Миронычева эфир барысында желі пайдаланушыларының сұрақтарына жауап берді. Спикерлер айтып өткендей, киберқылмыстың көбеюіне цифрландырудың, интернет-төлемдердің дамуы, мобильді интернеттің қолжетімді болуы, тауарлар үшін қолма-қол ақшадан бас тарту ықпал еткен. Полицейлердің айтуынша, адамдардың жеке құпия деректер туралы ақпаратты таратуы, басқа да таратуға болмайтын мәліметтерге немқұрайлы қарауы алаңдатады. Жарықдиодты экрандардағы, вокзалдар мен ауруханалардың күту залдарында орналасқан теледидарлардағы бейнероликтер, мыңдаған плакаттар, жадынамалар мен брошюралар тиісті профилактикалық әсер бермейді; ең алдымен адамдардың өздері қаржылық операцияларды сақтықпен жүргізуі қажет; бөгде адамдарға жеке ақпаратты бермеуі керек, ал тұтқаның арғы жағындағы ықтимал алаяқтармен байланысқан жағдайда – бұл туралы дереу Call-орталықтарға және полицияға хабарлауы қажет.

Тікелей эфир соңында полицейлер Instagram әлеуметтік желісінде криминалдық полицияның @cyberpolice_sko, @anti_fraud_15 деп аталатын қызметтік аккаунттары жұмыс істеп жатқандығын хабарлады. Олардың арналарында жедел уәкілдер интернет-алаяқтық тақырыбы бойынша ең өзекті ақпараттарды жариялайды. Жақында осындай аккаунттардың бірі жастар арасында танымал TikTok желісінде өз жұмысын бастады (@anti_hacker_sko).  

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-turghyndaryna-internet-alayaqtardyng-shemalary-zhane-qauipti-sajttar-turaly-ajtyldy/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив