СҚО криминалистері бір жылда 3,5 мыңнан астам зерттеулер жүргізді

СҚО криминалистері бір жылда 3,5 мыңнан астам зерттеулер жүргізді

«Погондағы ғалымдар» – қылмыс орындарындағы іздер мен заттай дәлелдерді іздеумен, алумен және зерттеумен айналысатын криминалистерді осылай атайды. Олардың жұмысының нәтижесінде күдіктілердің кінәсі расталады немесе жоққа шығарылады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасалған орындар криминалистерсіз тексерілмейді. Олардың қатысуы міндетті. Жалпы, өткен жылы криминалистер оқиғалар орнына 2,5 мыңға жуық рет шықты. Бұл облыста тіркелген барлық қылмыстардың 70%-ын құрайды. Мамандар тергеу әрекеттері шеңберінде 3611 криминалистикалық зерттеулер жүргізді. Олардың негізгі бөлігі – қол мен саусақтардан қалған іздерді зерттеу. Бір жыл ішінде дактоесептер бойынша жүргізілген жұмыстар 140 қылмыстың ашылуына ықпал етті, олардың үштен бірі – ұрлықтар. Сондай-ақ фото және бейне есептер бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, күдікті адамдардың фотороботтарының жасалуы 95 қылмыстың ашылуына көмегін тигізді.

«Сондай-ақ «трасология» ұғымына біріктірілген биологиялық және иіс іздері, барлық басқа да іздер зертеледі, - дейді СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы полиция подполковнигі Қанат Оспанов. – Криминалистерде аяқ киімдердің, көлік құралдарының, бұзу құралдарының және басқа да қылмыс түрлерінің іздері бар. 12 айдың ішінде оларды пайдалану 23 ұрлықтың, оның ішінде төрт пәтер ұрлығының, көлікті айдап әкетудің 4 фактісінің және басқа да бірқатар қылмыстардың ашылуына ықпал етті». 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-kriminalisteri-bir-zhylda-3-5-myngnan-astam-zertteuler-zhurgizdi/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив