Қазақстанның бірқатар өңірінде құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

Қазақстанның бірқатар өңірінде құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

Еліміздің 17 өңірінде (Маңғыстау, Абай және Қарағанды облыстарын есепке алмағанда) құрылыс жұмыстары көлемінің оң серпіні байқалады.

Құрылыс – ұлттық экономикадағы қарқынды дамып келе жатқан жүйе құраушы салалардың бірі. Оның өркендеуі экономикадағы басқа да секторлардың тамырына қан жүгіртуге қауқарлы. Мәселен, 2022 жылдың 11 айында республика бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 4,9 трлн теңгеге жетті. Тұтастай алғанда, еліміз бойынша 47 мыңнан астам кәсіпорынның құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиясы бар. Оның ішінде 46 мыңға жуығы қазір жұмыс істеп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қалаларды кешенді салу стандарттарының әдістемелік құжаты қабылданып, ол заманауи қоғамдық кеңістіктер мен инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша қарапайым және көрнекі құралға айналмақ.

Стандарттарды іске асыру үшін әкімдіктер шағын сәулет нысандары мен абаттандыруды қолдана отырып, қалалардың заманауи келбетінің дизайн кодтарын әзірлейтін болады. Қала құрылысын жоспарлаудың жүйелі шешіміне келсек, бірыңғай ақпараттық кеңістікте мониторингтің жаңа тәсілдері мен тетіктері енгізіліп жатқанын атап өткен жөн.

Осы ретте Қала құрылысы кадастры жүйесінің қызметі құрылысты тиімді жоспарлаудың және қала құрылысы бағытындағы ашықтықты қамтитын негізгі құралдардың бірі болады деп көзделіп отыр.

Заңнамалық деңгейде аумақтарды салуды кешенді цифрлы басқару үшін бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізіп, қала құрылысы жобаларын, инженерлік-геодезиялық ізденістерді есепке алу, инженерлік желілер мен олардың қуаттары бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің деректерін Қала кадастры жүйесіне енгізу мәселесі пысықталуда.

Құрылыстың сметалық құнының артуына жол бермеу үшін жобалау-сметалық құжаттамада прайс-парақтарды қолдану тетігі алынып тасталды. Осы арқылы жұмыс түрлері мен конструктивтер бойынша ауқымды нормаларды қолданып, сметаларды есептеудің заманауи әдісі енгізілді. Бірыңғай сметалық бағалардың жинақтары әзірленіп, бұл сметалық құжаттаманы дайындаудың күрделілігін азайту мен оларды сараптау процесін жеңілдетпек.

Сондай-ақ құрылыстың сапасы мен оның ашықтығын бақылауды күшейтуге арналған бірыңғай құрылыс порталын әзірлеу қолға алынғанын атап өту қажет. Бұл шаралар құрылыстың барлық қатысушысына қатысты деректі бірыңғай цифрлы ортада жинақтауға септігін тигізеді.

Азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін былтырғы 11 айдың қорытындысы бойынша 13 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Сонымен қатар 13,8 мың жалға берілетін және кредиттік пәтер салынып жатыр.

Тұрғын үй құрылысының циклін автоматтандыру үшін ҚР ИИДМ құрылыс процесінің барлық қатысушысына арналған eQurylys жүйесін әзірлегенін айта кету керек. Қазір E-Qurylys платформасы республика бойынша техникалық қадағалау есептерін электронды түрде жинауға қолғабыс етіп келеді. Мәселен, 2022 жылдан бастап e-Qurylys жүйесінде қанатқақты режімде «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның облигациялық зайымдары есебінен 109 автомобиль жолдары жобасы мен 80 тұрғын үй жобасы қаржыландырылып, іске асырылды.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив