Шуда есірткі саудасымен айналысқан екі тұрғын ұсталды

Шуда есірткі саудасымен айналысқан екі тұрғын ұсталды

2022 жылдың 16 желтоқсанында Шу қаласының маңындағы құмды аумақта орналасқан "Бетқара" шаруа қожалығында 38 және 27 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды. 

Жедел іс-шараларды Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізді. 

Шаруа қожалығының аумағында тінту жүргізу барысында сарайдан жалпы салмағы 73 келі 120 грамм "кептірілген марихуана" және салмағы 570 грамм "гашиш" есірткі заты бар 8 полипропилен қабы мен полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді. 

Ұсталғандар өз кінәсін толық мойындады. Олар Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айта кету керек, ұсталған 38 жастағы азамат бұрын бірнеше рет сотты болған.

- Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, - деді Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Jacki 15 сентября 2023 02:32

    This design is wicked! You certainly know how to keep a
    reader amused. Between your wit and your videos, I was almost moved to
    start my own blog (well, almost...HaHa!) Wonderful job.

    I really loved what you had to say, and more than that,
    how you presented it. Too cool!

    Here is my web blog ... Preis
    von escitalopram 10 mg in Kanada

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив