Астанада бірыңғай мектеп формасының қанатқақты жобасы таныстырылды

Астанада бірыңғай мектеп формасының қанатқақты жобасы таныстырылды

Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бірыңғай мектеп формасын енгізуге арналған қанатқақты жобаның аясында өз  өнімдерін ұсынды.

«ASTANA Ютария ltd» өндірістік инновациялық компанияның алаңында ұйымдастырылған іс-шараға мемлекеттік органдардың, QazTextileIndustry  жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ұлттық бірлестігінің, сондай-ақ өндірістік компаниялардың өкілдері және мектеп оқушыларының ата-аналары жиналды.

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспановтың айтуынша, қазір еліміздегі мектеп оқушыларын отандық өніммен қамтамасыз ету – басты мақсаттардың бірі саналады.

«Қазір елімізде киім өндірісі саласында 800-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Көбінесе отандық киім нарығы негізінен қадағаланатын сатып алулар мен мемлекеттік тапсырыс қажеттіліктеріне бағытталған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша киім өндірісінің көлемі 54,4 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102,3% деңгейінде байқалды. Бұл ретте 38 тігін кәсіпорнында мектеп формасын өндіруге арналған индустриялық сертификат бар екенін айта кетейік», деді І.Оспанов.

Сонымен қатар комитет төрағасы қазір «Әлеуметтік әмиян» платформасы арқылы ата-аналарға белгілі бір дүкендерде мектеп формасын сатып алу үшін ваучер беру мәселесі пысықталып жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек отандық тауар өндірушілерге мектеп формасын сату үшін жеңіл шарттармен сауда нүктелерін ұсыну қарастырылып жатыр. Осыған байланысты  ведомство өкілдері отандық тауар өндірушілердің тізімін қалыптастыру қажет екенін айтты. Оның басты талаптардың бірі – өндірушілердің киім өндіру процесі ұлттық стандарттарға сәйкес болуы тиіс.

Алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғасын тауып, осы арқылы барлық тараптың сұранысына сай келетін мектеп формасының үлгісін нақтылау көзделген.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив