Респиратор шығаратын жаңа зауытта 40-қа жуық адам жұмыспен қамтылады

Респиратор шығаратын жаңа зауытта 40-қа жуық адам жұмыспен қамтылады

«Ашық сағат алаңының» кезекті кеңесінде арнайы экономикалық аймақтарындағы негізгі қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту талқыланды.

Жиында еліміздегі арнайы экономикалық аймақтарын басқаратын компаниялардың өкілдері мен сала мамандары бас қосып, пікір алмасты. Атап айтқанда, кеңесте «Астана – жаңа қала», «Ақтау теңіз порты», «Тараз ХимПаркі», «Қорғас – Шығыс қақпасы» және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймақтарындағы негізгі қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту мәселесі пысықталды.

«Астана – жаңа қала» АЭА-да респираторлар өндірісіне байланысты жобаны іске асыру қарастырылып отыр. Жаңа зауытта шамамен 40 адам жұмыспен қамтамасыз етілмек. Қазір аталған аймақта 163,4 млрд теңге сомасына 5856 жұмыс орнын қарастыратын 54 жоба іске асырылды», деді ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев.

Бұл ретте Маңғыстау облысының әлеуметтік және экономикалық дамуына «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы ерекше серпін беріп отырғанын айта кету керек. Мысалы, оның құрылған сәтінен бастап 19 жоба іске асырылып, тағы 28 жоба қазір жүзеге асырылып жатыр. Өз кезегінде экономикалық аймақ өкілдері киім және тоқыма бұйымдарының өндірісі бойынша қызмет түрлерін кеңейтуге ниетті екендерін жеткізді.

Сондай-ақ «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АЭА-да электронды аспаптар өндірісін жолға қою жоспарлануда. Қазір мұнда 50,9 млрд теңге сомасына 13 жоба жүзеге асырылу сатысында тұр.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив