Ақтөбедегі тергеу изоляторына поштамен келген сәлемдемеден бірнеше телефондар тәркіленді

Ақтөбедегі тергеу изоляторына поштамен келген сәлемдемеден бірнеше телефондар тәркіленді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 70 қауіпсіздігі аралас мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері пошта арқылы қабылдау бөлмесіне келген сәлемдемені тексеру кезінде: тарақ, печенье және шәй қорабының ішіне мұқият жасырылған ұялы телефондар мен SIM карталарды және құлаққап, USB шнурларын тәркіледі. 

Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттар Ақтөбедегі тергеу изоляторындағы сотталғанға пошта арқылы сәлемдеменің ішіне жасырылып, жолданған. Алайда, қулығын асырмақ болғандардың бұл әрекеті іске аспады. Тергеу изоляторының қырағы режим және күзет бөлімінің қызметкерлері сәлемдемені мұқият тексеру кезінде пластик тарақтың ішіне жасырылған 2 шағын ұялы телефонды сим карталарымен бірге, ал шәй қорабынан смартфонды сим картасымен бірге тәркіледі. Сондай- ақ, ҚАЖ қызметкерлері печенье қаптамасына жасырылған 2-бірлік USB шнурын және құлаққапты тәркіледі. 

«Қазіргі уақытта пошта арқылы сәлемдемені жолдаған азаматтың жеке басы анықталуда. Анықталғаннан кейін құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып,тиісті шарасы алынатын болады», - дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова. 

 Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив