Су үнемдеу технологиялары: Биыл АӨК-нің 400-ден астам субъектісі субсидияланды

Су үнемдеу технологиялары: Биыл АӨК-нің 400-ден астам субъектісі субсидияланды

Ауыл шаруашылығы министрі Үкімет отырысында АӨК сумен қамтамасыз ету қорытындылары туралы есеп берді. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, Үкімет әкімдіктермен бірлесіп қабылдаған шаралардың, сондай-ақ қолайлы ауа-райының арқасында биылғы жылы суармалы жерлерден қомақты шығынсыз жоспарланған көлемде өнім өсіруге және жинауға мүмкіндік туды.  

Сонымен қатар, маңызды міндеттердің бірі суармалы суды ұтымды пайдалану болып қала береді. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 1,4 млн га суармалы жерге өсірілді. Бұл 75,8% немесе 1,1 млн гектар жер үсті әдісімен суарылады - фермерлер үшін арзан, бірақ ең ұтымсыз жолы.  

Суды көп тұтынатын дақылдардың алқаптарын қысқарту жұмыстары жалғасып жатыр. Биылғы жылы басқа рентабельді дақылдарға көшу есебінен күріштің көлемі 8,7 мың гектарға азайды, оның басым бөлігі Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарына қатысты.

«Соңғы бірнеше жылда Қызылорда облысында су тапшылығы қатты сезіліп, Сырдария өзенінің ағысы бірнеше есе төмендеді. Қолданыстағы коллекторлық-дренаждық жүйелердің жай-күйі тозған, нәтижесінде топырақтың тұздануы және ауыл шаруашылығы айналымынан жердің шығуы процестері күшейеді. Тұздардың артық мөлшері күріш тұқымының өну қарқынын тежейді, топырақтың құнарлылығын төмендетіп, суармалы су мен топырақты ластайды», - деді министр.

Ербол Қарашөкеев қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп, АҚШ пен Бразилия тәжірибесі бойынша күріш өндірісінде механикаландырылған суаруды қолдану, сондай-ақ ауыспалы егісті оңтайландыру және тұқым материалын жақсарту мүмкіндігін зерттеп жатқанын айтты. Егер технология аймақтың топырақ-климаттық ерекшеліктері жағдайында тамыр жайса, өнімнің өнімділігі мен сапасына нұқсан келтірместен суды тұтынуды азайтуға, сондай-ақ топырақтың жағдайын жақсартуға болады.

Сонымен қатар, 2022 жылы су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны белгіленген көрсеткіштерден асып түсетінін атап өткен жөн. Жыл соңына дейін АӨК дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде биыл жоспарланған 265 мың га жаңа суару жүйелерімен 279 мың га қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мұндай технологияларды пайдалану үшін қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алуға, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізуге жұмсалатын шығындардың 50% субсидиялау бойынша мемлекет іске асыратын бағдарлама ынталандыру болып табылады.

Аталған бағдарлама бойынша 2022 жылы 11,6 млрд теңге сомаға 400-ден астам АӨК субъектісі субсидияланды.

АШМ Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив