Қонаев қаласының бас жоспарын даярлау 2022 жылдың желтоқсанында аяқталады

Қонаев қаласының бас жоспарын даярлау 2022 жылдың желтоқсанында аяқталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жасаған сапары аясында Қонаев қаласын экологиялық таза, өмір сүруге қолайлы «ақылды» шаһар ретінде қарастыратын жаңа бас жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Жаңа жоспарда облыс орталығы мен G-4 City аумағында арнайы экономикалық аймақтар құру да қарастырылған.

Сондай-ақ Президент өңірге педагогикалық кадрлар мен дәрігерлерді тарту үшін, атап айтқанда мамандарды жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты ынталандыру шараларын қабылдау қажеттігін алға тартты.

Қазіргі күнде Қонаев қаласының бас жоспарын «Урбостиль» компаниясы әзірлеуде. Бұл тараптағы жұмыстар биылғы жылдың 20 желтоқсанына дейін аяқталмақ. Содан кейін заңнамаға сәйкес облыс әкімдігі жобалық шешімдерді қала тұрғындарымен ашық талқылауды ұйымдастырады.

Сонымен қатар бүгінде арнайы экономикалық аймақтардың тұжырымдамасын даярлау жұмыстары да жүргізілуде. Бұл орайдағы жұмыстар аяқталған соң ҚР ИИДМ бекітілген заңнамалық талаптарға сәйкес АЭА құру туралы жұмыстарға кіріседі (эксперттік кеңес, ҚРҮҚ жобаны мақұлдау).

Айта кетерлігі, бүгінде Алматы облысында тұрғын үй мәселесін оңтайлы шешудің тетіктері іске қосылуда. Атап айтқанда, жас мамандар «Алатау жастары» өңірлік бағдарламасы арқылы баспанаға қол жеткізе алады.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив