Сотталғандар қылқалам шебері Шахмұрат Сейтмұратовтың туындыларымен танысты

Сотталғандар қылқалам шебері Шахмұрат Сейтмұратовтың туындыларымен танысты

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің түзеу мекемелерінде сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Тәрбие жұмыстарының бір бағыты ретінде №37 мекемесінің тәрбие бөлімінің қызметкерлері мекемеде жазасын өтеушілерді С.Айтбаев атындағы көркемсурет галериясына алып барды. 

Шараның мақсаты-  сотталғандардың эстетикалық талғамдарын арттыру, мәдени ой-өрістерін кеңейту.

Сотталған азаматтарды көркемсурет галериясының қызметкері Айжан Сәрсенбайқызы  қарсы алып, қазақ өнеріне өзіндік үлес қосқан Сыр елінің тұлғасы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Шахмұрат Сейтмұратовтың «Суретім-өмірім» атты шығармашылық көрмесімен таныстырып, туындыларына жеке-жеке тоқталды.

  • Майлы бояумен салынған бұл өнер туындылары суретшінінң көп жылғы еңбектерінің жемісі. Көрмеге суретшінің 100-ге жуық туындысы қойылған. Әрбір туындыда қазақ батырларының бейнесін, тылсым табиғат көріністерін, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрі суреттелген,- деді Айжан Сәрсенбайқызы.
  • Бүгінгі шарадан керемет әсер алдым. Кескіндемеші, график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев пен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі елге белгілі суретші Шахмұрат Сейітмұратовтың туындыларымен таныстым.   С.Айтбаевтың сурет салған  үстелімен, басқа да қолданған заттарын өз көзімізбен көрдік. Әсіресе маған Шахмұрат Сейтмұратовтың «Қаралы қағаз» туындысы ұнады.  Туындыда анасы мен немересі бейнеленген. Соғысқа аттанған ұлынан қаралы қағаз алып, немересінің болашағы жайлы ойланып отырған қарт ананың мұңды жанарын суреттелген. Соғыс ешқашан болмасын, болашақ ұрпағымыз, бақытты да баянды ғұмыр кешсін. Рухани орталықтан алған әсерімізді жеткізу мүмкін емес. Мекеме қызметкерлері мен Көркемсурет галериясының ұжымына алғысым шексіз,- деді сотталған азамат.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив